место в рейтинге
  • 11886
  • 40
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Хиджаб кигендерді дұрыс түсініп жүрміз бе?

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!

Елімізде құлшылық етушілердің қатары өскен сайын қоғамымыздағы Ислам дінінің салмағы да арта түсуде. Бұл өз кезегінде жаңа мәселелер тудырып, түрлі пікір қайшылықтарын туындатуда. Осындай мәселелердің өзекті бола бастаған біреуі мұсылман қыз-келіншектерге қатысты бой көрсетуде. Бұл орамал тартып, жабық киім (хиджаб) кию мәселесі. 

Жалпы әурет жерлерін жабу өзін мұсылман санайтын әрбір әйелге қатысты үкім болып табылады. Өйткені, мұсылман дегеніміз Аллаға бой ұсынушы адам. Ал, бойұсынудың басты шарты парыз амалдарды атқару болса, әйел адам үшін басты парыздардың бірі беті мен қол-аяқтарының басынан басқа жерлерінің бәрін жабатын жабық киім кию болып табылады.

Бірақ, жетпіс жылдық кеңестік тәрбиеден өтіп Ислам негіздері түгел ұлттық дәстүрлерінен де қол үзе бастаған халқымыздың арасында мұсылман әйелдерге ашық-шашық киініп жүре беруге болады деген түсінік берік орнығып қалған. Сол себепті де діннің талабына сай жабық киініп жүрген әйелдер басқалар түгел, өздерін мұсылман санайтын адамдар тарапынан да түсіністік таппауда.


Расында күнәкарлар, иман келтіргендерге күлетін еді. Олар жандарынан өткенде, ымдасатын еді. Олар үйлеріне қайтып барған кезде, күңкілдесетін еді. Қашан олар Мұсылмандарды көрсе: «Сөз жоқ, адасқандар» дейтін еді. Құран Кәрім 83:29-32

Біздің көптеген жақын- жуықтарымыз білместікпен осы аятта айтылған күнакарлардың кейіпіне еніп, шариғат бойынша киінген әйелдерді «сектанттар» деп қатаң айыптап, жақтырмаушылық танытуда. Егер дінді дұрыс түсінуге ниет қойып, осы бағытта ізденетін болса, онда олардың көп нәрсеге көздері ашылып, олар хиджаб киген өздерінің аналары мен қыздарын, апалары мен сіңілі-қарындастарын айыптаудан тартынған болар еді.

Әйел мен ер адамның арасында бір-біріне деген жыныстық құмарлықтың бар екенін ешкім де жоққа шығармайды. Және бұл құмарлықты өршітетін әрекеттердің бірі көзбен көру екені белгілі. Жалпы, ер адамдардың назарын өздеріне тартып, оларға ұнауға тырысу әйел затының табиғатына тән қасиет. Және неғұрлым ашық киінген сайын олар ер адамдардың назарына көбірек ілінетіні де рас. Сол себепті де олар кейде тәндерін мейлінше жалаңаштауға тырысып шектен шығып кетеді.

Бұлай әйелдердің әурет жерлерінің ашық болып, үнемі көз алдында болуы ер адамдардың жыныстық құмарлығын шектен тыс қоздыра отырып, оларды ырқынан айырылуға әкеліп соқтырады. Соның салдарынан да олар зина күнасына беріліп, азғындай бастайды. Сол себепті де Алла Тағала әйел адамдардың шектен тыс ашылып киінулеріне тиым салады.

Кейбіреулер ойлайтындай әйелдердің әурет жерлерін жабу талабы әлдебіреулердің өз тараптарынан дінге енгізген жаңалықтары емес. Және бұл арабтардың ата дәстүрі де емес. Өйткені, оларда Исламға дейін мұндай қымтану болмаған. Шын мәнінде, әурет жерлерді жабатын жабық киім кию, бұл Қасиетті Құран аяттары арқылы нұсқау етілген Алла Тағаланың тікелей үкімі болып табылады.

Әй Пайғамбар! Жүбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: "Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла (Т.) аса жарылқаушы, тым мейірімді. Құран Кәрім 33:59

Мүмін әйелдерге де айт: "(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары. Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін. Құран Кәрім 24:31

Бұл үкім нақты түрде Құран аяттары арқылы бекітілген, сол себепті де парыз болып табылатын үкім. Сол себепті де әйелдердің әурет жерлерін жабу мәселесі ешқандай да талқылауға жатпайтын мәселе болып табылады. Сондықтан да әрбір өзін мұсылман санайтын әйел бұған мүмкіндігінше бой ұсынуға тиісті.

Шын мәнінде мүміндер, араларына үкім беруге шақырылғанда, олардың сөздері: "Естідік, бой ұсындық” деу болады. Міне бұлар құтылушылар. Құран Кәрім 24:51

Алла (Т.) және Елшісі, қашан бір іске үкім берсе, мүмін ер және мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан болады. Құран Кәрім 33:36

Жоғарыдағы аяттар бойынша Алла Тағаланың үкімін мүмкіндігі бола тұра орындамау өзін мұсылман санайтын адам үшін Аллаға, және Оның елшісіне қарсы келіп, адасу болып табылады.

Сонда кім қарсы келсе, қарсылығының обалы өзіне. Қарсы болушылардың қарсылығы Раббыларының ызасынан басқаны арттырмайды, әрі қарсы болушылардың қарсылығы зиянды ғана арттырады. Құран Кәрім 35:39

Әйелдерге әурет жерлерін жабуға үкім берген Алла Тағала ақирет күні әр әйелден осы үкімді қаншалықты орындағаны жөнінде міндетті түрде есеп алатын болады. Және Ол бұл есепті әйелдердің өздерінен сұрамайды. Бұл есепті олардың терілері беретін болады. Иненің ұшындай ғана нәрсеге мол ақпарат сиғызатын қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге куә болып жүрген адамдар тері клеткаларының да өздері түйсінген барлық әсерлерді «есте сақтап» қалатын қабілетке ие екендіктеріне күман келтірмеулері тиіс. Олай болса, есеп берілетін ақирет күнінде әйелдің әурет жерлерінің тері клеткалары өздеріне қанша адамның, қандай ниетпен қарағанына, және жанасқанына айғақ болатыны ақиқат.

Ақыр олар оған барған кезде оларға қүлақтары, көздері және терілері олардың не істегендеріне айғақ болады. Олар терілеріне: «Не үшін бізге куә болдыңдар?»,- дейді. (Сонда терілері): «Бізді әр нәрсені сөйлеткен Алла сөйлетті, сендерді алғаш рет жаратқан және Сол жаққа қайтарыласыңдар» деп жауап береді. Сендер өздеріңе құлақтарың, көздерің және терілерің айғақ болады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті Алла, істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер. Міне осы Раббыларың туралы ойлаған ойларың өздеріңді жойды да, сонда (сендер) зиянға үшыраушылардан болдыңдар. Егер олар, енді шыдайтын болса, олардың орны от. Олар, кешірім тілесе де қабыл етілмейді. Құран Кәрім 41:20-24

Мұндай анық мағыналы Құран аяттары жүрегінде иманы бар әрбір адамды бей-жай қалдырмайды. Ал, сезімтал жаратылған әйел заты үшін мұндай Құран аяттарын жүрегіне жақын қабылдамау мүмкін емес. Сол себепті де олар Алланың алдында айыпты болудан қорқып, оның үкімдеріне бой ұсынуға асығады.

Кейбіреулер ойлайтындай олар өзгелерден ерекшеленіп көзге түсу үшін, немесе сән ретінде мақтаныш үшін хиджаб кимейді. Әрине, ондай қыз-келіншектердің де бар екенін жоққа шығаруға болмас, бірақ ондай ниетпен мұндай қадамға барған жандар қымтануға байланысты туындайтын алғашқы қиындықтардың өзіне де шыдай алмай қайта шешініп жатады. Хиджап киюден туындайтын қиындықтарға мұндай қадамға берік сеніммен, саналы түрде барған әйелдер ғана сабыр ете алады. Өйткені, оларды Алла Тағаланың алдындағы қорқыныш қана хиджаб киюге мәжбүр етеді. Және Алла Тағаланың ризалығына ие болу мүмкіндігі ғана құлшындырады.

Әрбір өзін мұсылман санайтын әйел әурет жерлерін жабатын киімдерді киюге міндетті. Мұны көптеген әйелдер мойындайды. Бірақ, бұл үкімді орындаудың қажеттілігі намазға жығылған күннен бастап қана айрықша сезіле бастайды. Өйткені, әйел үшін әурет жерлер болып табылатын бет пен қол-аяқтарының басынан басқа жерлер толық жабылмай тұрып намаз оқуға болмайды. Өйткені, намаз–бұл мұсылман үшін Алланың алдында тұрып құлшылық ету болып табылады. Ал, Алланың алдында әуретті жерлерді ашып тұру лайықсыз қылық, және мұндай күйде оқылған намаз шариғат бойынша қабыл болмайды. Сол себепті де намазының қабыл болмау қорқынышы намазхан әйелді намаз үстінде қымтануға мәжбүр етеді.

Намаздың бес уақыт оқылатынына байланысты хиджаб кимей жүрген намазхан әйелдің алдынан тағы бір қиындық туындайды. Бұл арасы жақын намаздарда бір шешініп, бір киіну қиындығы. Өйткені, қызмет пен оқу орындарында, және басқа да жағдайларды мұндай мүмкіндік бола бермейді. Сол себепті де намазхан әйелдерде намазды уақтылы оқымай, оны қаза етіп алу қорқынышы пайда болады. Өйткені, әр намазды өз уақытында оқу парыз.

"...намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды". Құран Кәрім 3:103

Сондықтан да намазын жиі қаза ету мұсылман үшін үлкен айып болып табылады. Намаздың шарты осындай болғандықтан да намазхан әйелдер әурет жерлерін жабатын ұзын юбка киіп, орамал тартып жүруге мәжбүр болады. Өйткені, бұл оларға намаздарын қаза етпей уақтылы оқуына мүмкіндік береді. Хиджаб кимеген намазхан әйелге түрлі орындар мен түрлі жағдайларда намаз оқу үшін киім ауыстырып отырудың қиын екендігі өз алдына, бұл оның көңіліне де қаяу сала бастайды. Өйткені, тек намаз оқыр кезде ғана қымтанып, қалған уақытта ашылып жүру оның тарапынан екіжүзділік болып бағалана бастайды. Сол себепті де қашан хиджаб киіп, орамал тартып, діннің талабына толық бойұсынғанға дейін ондай әйелдің көңілі жай таппай, ол ұдайы мазасыздықта жүретін болады.

Хиджаб киген соң жанын мазалаған Алланың алдында айыпты болу сезімдерінен құтылып, өзінің ішкі дүниесіндегі қиындығын шешіп алған әйел үшін енді сыртқы дүниедегі қиындықтар сынағы басталады. Өйткені, олардың кейбіреулері ата-анасы, жұбайы, және бауырлары тарапынан түсінбеушілікке тап болып, олардың тарапынан белгілі бір қысымға ұшырап жатады. Және өзге жандар тарапынан да орын алып жататын салқын көзқарас, мысқыл, кекесіндер, тіпті ашықтан-ашық байқалатын жеккөрушіліктер нәзік жанды әйел адамның жанын қатты жаралап, оны қапаландырып, мұңайтатын болады.

Мұның үстіне шыжыған шілденің аптабында хиджаб киіп қымтанып жүру ешбір әйелге де оңайға соқпай, оған қосымша қолайсыздықтар тудырумен болады. Және әрбір әйел затының, соның ішінде қыз балалардың жарасымды киім киіп жүргенді қалайтыны мәлім. Бірақ, оларға лайықты жабық киім табыла бермейді, және олардың да бағасын көп әйелдердің қалталары көтере бермейді. Сол себепті де олардың көбісі қолдары жеткен киімді ғана киіп, соның салдарынан да киімдерінен қуыстанып, іштей жасып жүреді.

Мұның үстіне хиджаб кигендерге жұмыс табудың да қиын екені белгілі. Тек хиджаб кигендігі үшін ғана олар үшін көптеген жұмыс орындары жабық. Осындай жағдайда осы кезге дейін бұл мәселеге кеңшілікпен қарап келген кейбір мектептер мен жоғарғы оқу орындарында, және жұмыс орындарында да орамал мен ұзын етектерді шештіру науқаны басталып қиындық үстіне қиындық қосыла бастады.

Бұлардың бәрі хиджаб кигендердің уайымдарына уайым қосып, олардың көбісі үшін бұл қиындықтар өте ауыр тиюде. Бірақ, олар Алланың үкіміне амалсыздан бой ұсынып, бәріне де көніп, бәріне де төзуге мәжбүр. Егер Алладан қорықпаса, олар мұндай қиындықтарға бастарын байламаған болар еді. Сол себепті де қазіргі хиджаб кигендер өзгелер тарапынан түсіністікті қажет етеді. Бірақ, өкінішке орай қазіргі кезеңде хиджаб кигендер өзгелер түгел өз жақын-жуықтары тарапынан да түсіністік таппай қиналуда.

Ислам ғұламаларының бірауызды пәтуалары бойынша парыз болып табылатын амалдарды атқарудың қажеттілігін мойындап, бірақ оларды орындамай жүрген адамдар өздеріне күнә жүктейді. Бірақ олар діннен шықпайды. Ал, «Алла Тағала парыз еткен амалдарды орындамай-ақ қоюға да болады» деп сеніп, сол пікірін дәлелдеуге тырысатын мұсылмандар болса діннен шыға отырып кәпір болады. Ал, біздің көптеген мұсылман қандастарымыз болса түсінбестікпен «хиджаб киюдің қажеті жоқ» деген пікір айтып жүрсе, кейбіреулері тіпті, хиджаб кигендердің хиджабтарын шештіруге тырысып шектен шығып кетуде. Осы істері арқылы олар өздерінің Алланың үкіміне тиым салып, Аллаға қарсы шығып жүргендерін түсінбеуде.

Шын мәнінде хиджаб кигендер бар болғаны Алла Тағаладан қорқып, Оның үкімдерін шамалары жеткенінше орындауға тырысып бағуда. Ал, Алла Тағаланың үкімдерін орындау ешқашанда, еш жерде де, ешкімге де айып болмауы тиіс. Егер хиджаб киюді айып деп санайтын болса, тіпті, оған қатысты тиым салу шараларын қолданатын болса, онда бұл біздің қоғамымыздың дұрыс бағыт-бағдардан жаңылып қалғанын көрсетеді. Олай болса, қоғамның бағыт-бағдарын анықтайтын, ұлт тағдырына жауапты кейбір зиялы азаматтарымыздың өздерінің қайда бет алып бара жатқандарын, және халқын да қайда бастап бара жатқандарын тереңірек байыптағандары жөн болар еді.

Maсa.кз. 10.02.2011.  http://galym.jimdo.com

gbaqytkereiuly
24 марта 2013, 14:01
449

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 12171
  • 25
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 7091
  • 96
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 6010
  • 43
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 5137
  • 33
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4234
  • 47
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 4003
  • 18
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
вчера / 16:01
  • 3456
  • 4
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3568
  • 18
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3376
  • 14