Тікелей эфир

«Қазақ» газетінде Наурыз мейрамы туралы материалдар

НАУРЫЗ

Наурыз — қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде әр елде наурыз туғанда мейрам қылып, бас асып, қазан-қазан көже ішіп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында әр түрлі сөйленеді. Біреулер наурыз марттың бірінде, екіншілер тоғызында келеді деседі, һәр жұрттың белгісі күнде жаңа жыл туады, ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «іс жаңа жыл қайырлы болсын, жаңа бақыт кәсіп болсын» — деп құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді. Рустың жаңа жылы қыс ортасында, нағыз сақылдап тұрған суықта келеді, біздің Жаңа жылымыз — Наурыз марттың басында болсын, ортасында болсын, әйтеуір мартта келетін болса, шын мағынасымен Жаңа жыл деп айтуға лайық. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп көңілденген кез. Шаруа адамдарының бейнеттен қолы шешіліп, алты ай баққан арықтарын үмітті күнге жеткізіп демалып отырған кез. Ағаш, шөптер қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп жасаруға даярланып, күн де қыстай бір бүйірлеп жүруін қойып жоғары көтеріліп, бүтін ғаламға нұрын шашып үйсізді үйлімен теңгеріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле беруге тұрған кез. Міне, табиғаттың осындай көңілді өзгерістерінің кезеңінде біздің Жаңа жылымыз Наурыз туып, ата ғұрпымызды ұмытпай, белгілі бір күнді басы қылып алсақ ұнамды іс болар еді.

Осы туралы білетін адамдар «Қазаққа» жазса екен, біздің Жаңа жыл — Наурыз анық жылдың қай айында һәм қай күнінде басталады. Біз оқушыларымызды Жаңа жылмен құттықтауға Наурыздың анық қай күні туатынын біле алмадық, ғафу өтінеміз.

«Қазақ», 1913, № 15, 9 март

Оренбург 9 март

Бүгін жыл басы наурыз. Міне, «барыс» кетіп «қоян» келіп тұр. «Қоян» — халыққа жайсыз жылдың бірі. Осы мен төрт қоянды көрейін деп тұрмын. Бұл төртеуі де халыққа жайлы болған жоқ. «Қоян» жылы не малға, не жанға ауырмалдық түсірмей өткен емес. 1880 жылғы «қоян» жұт болып, қазақ малы қаты қырылды. Қар кеткенде жер жүзі өлексеге толып кетіп, ана жер, мына жерде көздерін қарға шоқып үңірейткен өлекселерді көріп, бала кезде шошығаным бар. Ол «қоянда» қатты ашаршылық болды. Пәлен жерде атқұлақтың басын үгіп, көже қылып ішті деп үлкендердің аңыз қып айтып отырғандары есімде бар. Қазақтан басқа жерге ол «қоян» қандай болғанын білмеймін.

1892 жылғы «қоянда» қазақтар жұтады, бүгін Россияда да ашаршылық болып көнек аурудан, обадан адамдар көп қырылды. Бұ «қоян» Оренбургта оқып жүрген кезімде болды. Тамағымыз аш деп инспекторға арыз еткенімізде сендердің бұл ішіп отырған тамақтарыңды таба алмай отырғандар көп, басқа жерде аштықтан мынаны нан қып жеп отыр деп, ала бұтаның үккен басын әкеліп көрсеткені есімде бар.
1904 жылғы «қоянда» қазақ жұтаған жоқ. Бірақ ауырмалдылығы адамға түскен сияқты. Россия мен Жапония арасында соғыс басталып, адам қырғыншылығы болды. Қазақ жұтамағанмен соғыс болған соң қалыптан тысқары шығындардан құр болған жоқ.

Мынау «қоян» дүниеде болмаған зор қырғын соғыстың үстіне келіп тұр. Адамға түскен ауырмалдық үстіне мал ауырмалдылығын қоспай өтсе, қазақтың бағы. Бұрынғы жұт «қояндардай» болып, малға да салмағын салса, қазақ жүгі көбейіп, көтеруге әлі келмес. Түндік ақша екі есе көбейіп тұр. Соғыс салағы түсейін деп тұр. Нәрсе қара қымбаттап тұр. Малдың еті мен сүтінен басқанын бәрін сатып алатын қазаққа бұ да жеңіл тимес. Құдай жұтқа ұшыратпасын. Жұтаса қазақ бұрыңғыдай тез оңала қоймас. Өткен жаздың шаруаға жайлы болғандығынан жұртта пішен мол, шаруаның іші шарбылы. Жаз өте жайсыз болмаса, «қоянның» қайпі мал жағынан онша зор бола қоймас еді деп, алдағы жаздан үміткерміз.

Наурызбен құттықтап, жаңа жыл жайлы болуын тілейміз.

«Қазақ», 1915, № 110, 9 март

________________________________________________________________________

«Алаш» айдарында жарияланған ұқсас мақалалар:

Есенғали Қасаболатов: «Қазақ жастарына»

Ахмет Байтұрсынов: «Аз уақытта көп білу жолының басы»

Уалиолла Халели: «Тіл сақтаушылық»

Ғұмар Қараш: «Тіл — әдебиет»

Мағжан Жұмабаев: «Дала. Қала.»

Әлихан Бөкейхан: «Ұят-ай»!

«Айқап» журналында әйел теңсіздігі мәселесі

«Айқап»: «Қазаққа алалық қайдан келді»?

Мұстафа Шоқайдың Әбубәкір Диваев туралы мақаласы

Л.Толстойдан: «Жұмыртқадай бидай»

Әлихан Бөкейхан: Дін таласы

Алия Arsik
21 наурыз 2013, 11:10
34535

Загрузка...

Пікірлер

Shpak
1
0
Рақмет, енді түсінікті. 1913 жылда қазақтар Наурыз мейрамынды тойлаған жоқ, тойлайқ деген ой ғана болған.
Қазақ күнтүзбе 1860 жыл
Кіші жүз, жыл басы Амал айдын бірінен басталаған, жаңаша жыл санау бойынша он төртінші апрельде.
Март - Амал
Апрель - Сауыр
Май - Жауза
Июнь - Саратан
Июль - Есет
Август - Сумбюль
Сентябрь - Мизан
Октябрь - Акырап
Ноябрь - Кауыс
Декабрь - Жеди
Январь - Далю
Февраль - Хут
Орта жүз, жыл басы Отамалы айдын бірінен басталаған, бірінші көш, қыстықтан шығу...
Май - Отамалы
Июнь - Шильда
Июль - Шарша тамыз
Август - Кара сагауз
Сентябрь - Казан
Октябрь - Кырк куек
Ноябрь - Джели токсан
Декабрь - Кантар
Январь - Акпан
Февраль - Наурыз
Март - Коко
Апрель - Мамыр
Shpak
0
0
он төртінші апрельде.
-----------
Кешірініз, апрельде емес, март айында

Народ вы слышали что наши власти вытворяю?!Они выложили в сеть всю информацию о нас всех в открытый доступ!Там есть телефоны,адреса,фото,переписка,место работы,друзья,коллеги,родные и многое другое. Я просто в шоке был как увидел себя там, но там можно удалить информацию о себе, это хоть радует а то мало кто там что ищет. Вот сайт- gg.gg

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 қаң. 2017 / 21:50
  • 31253
  • 18
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 қаң. 2017 / 12:36
Разрубить сирийский узел. Казахстан как миротворец сделает невозможное?

Разрубить сирийский узел. Казахстан как миротворец сделает невозможное?

Только что в Астане начались межсирийские переговоры. Событие это примечательно не столько содержанием и ожидаемыми результатами, а самим фактом.
openqazaqstan
23 қаң. 2017 / 13:35
  • 3743
  • 16
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 қаң. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 қаң. 2017 / 12:49
  • 4018
  • 37
Алматы глазами обычного парня из Астаны – большая барахолка всего Казахстана

Алматы глазами обычного парня из Астаны – большая барахолка всего Казахстана

"Местные" люди мне понравились - разодеты как феерические единороги. Каждый одет по последнему писку моды. По сторонам не смотрят, не обращают внимания на других людей и им побоку, что думают окружающие.
Madya_R
вчера / 11:36
Поправки в стиле «1937» не прошли. МИК отказалось от запрета анонимных комментариев

Поправки в стиле «1937» не прошли. МИК отказалось от запрета анонимных комментариев

Сегодня Министерство информации и коммуникаций исключило из законопроекта предложенные ранее нормы, предполагавшие «деанонимизацию» комментаторов и регистрацию блогеров.
openqazaqstan
20 қаң. 2017 / 12:12
  • 2551
  • 22
Почему мужчины используют некоторых женщин? Случай из жизни

Почему мужчины используют некоторых женщин? Случай из жизни

Однажды мне довелось приеxать к своей сестре в другой город с ночевкой. Она живет одна и ей почти 33 и она не замужем. Лично я считаю, что её старой девой называть рано, она все еще открыта для...
Roza_pvl
19 қаң. 2017 / 15:32
  • 3028
  • 94
Пожив в Китае, привыкаешь к вопросам типа «Ты что, не китаянка?»

Пожив в Китае, привыкаешь к вопросам типа «Ты что, не китаянка?»

Привет всем) Сегодня хотелось бы поделиться ощущениями, какого это быть "чужой" среди "своих" Около одного года проживаю в Китае, и уже сама начинаю верить, а иногда даже задумываться о вероятности...
asemik07
20 қаң. 2017 / 18:52
  • 2437
  • 19