• 80938
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Олақ одақ осылайша опынып отырмайық

 
 

08.11.12.

Бұл - теңдіктің одағы емес, кемдіктің одағы. Бұл одақ о бастан тең құқылы емес-тін. Үшінші елдерден келетін импорттың көмегімен, Ресей бөліп берген кеден баж салығынан түсетін бюджеттік түсімдердің негізінде Қазақстан қазіргі уақытта Кеден одағына қосылудан пайда көріп жатыр деп қорытынды жасау қиын.

Кедендік одақтың барлық тетіктері іске қосылғаннан бері Қазақстан, Ресей мен Беларусь елдері арасындағы экономикалық ықпалдастық күшейе бастады. Экономикалық ықпалдастық деген дұрыс нәрсе. Кез келген мемлекет экономикалық дамуды көздесе, өз ұпайын түгендеуге бағыт ұстайды. Алайда Кедендік одақтың күнгейінен көлеңкелі тұстары әлі көп. Бірақ одақ ішінде әлі күнге дейін шешілмей жатқан мәселелер бар. Ең бастысы, мем­лекеттік органдар мен кәсіпкер­лер арасында нақты байланыс жоқ. Сондай-ақ біздің кәсіп­керлерлер тауар сертификатын екі рет алып, қосымша құн салы­ғын екі есе артық төлеуге мәжбүр болып отыр. Ресейде - 18 пайыз, ал Қазақстанда - 12 пайыз, бар­лығы 30 пайызға шығып отыр. Бұл - үлкен шығын. Осының сал­дарынан елімізде тауар қымбат­шылығы басталды. Кеден тариф­терінің кесірінен пайда болған қымбатшылықты Қазақстан аза­маттары төлеп отыр. Қазақстан орташа мерзімді кезеңде, 2015 жылға дейін Кеден одағына қо­сылудан ұтыла береді. Ұзақ мер­зімді мүмкіндіктер қазіргі сәтте бұлыңғыр көрінеді, себебі о бас­тан бұл одақтың экономикалық сипатынан гөрі саяси сипаты басым.
Кедендік одақ бірінші кезекте кімге пайдалы? Әлбетте, ресейлік кәсіпкерлердің тасы өрге дома­лары анық. Қазақстандық бизнес Ресеймен салыстырғанда дамы­маған. Орта және шағын кәсіп бәсекеге қабілетсіз. Алайда ке­дендік одақ арқасында, Ресей мен Белоруссияның тауарларының қызығын тек сыртқа шикізат та­сымалдайтын компаниялар кө­­ріп жатыр. Қазірдің өзінде базарда­­ғы көліктердің бағасы 10 пайызға өсті. Бүйте берсе, қара қазақтың «Жигулиден» басқаға қаражаты жетпейді. Алып көршіміздің діт­тегені де осы. Ет, сүт, көкөністен жақсы дамыған Беларусь елі жа­қында күтпеген жерден дағ­дарысқа ұрынды. Қазақстан Кеден одағына енген 1 шілдеден бастап, халық әлеуметтік жағдай тұрғысынан қатты ұтылды, себебі дәл осы одақтың кесірінен тауар бағасы бірнеше мәрте қымбат­тады. Іс жүзінде халықтың сатып алу қабілеті күрт нашарлады. Кеден одағында кім ұтылып, не­месе ұтып отыр? Қазір Қа­зақ­станда баға қымбаттап жатыр. Кеден одағына қосылудан бұрын Қазақстан экономикасы, сауда саясаты әлемдегі ең либералды елдің бірі болған. Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сай Қа­зақстан сауда саясатының либе­ралдығы бойынша 125 елдің іші­нен әлемдегі жетінші орынды ием­денді. Яғни, Кеден одағына қосылудан соң, біздің тарифтік мөлшерлеме орташа есеппен екі еседен көп өсті. Қазіргі сәтте Қа­зақстан кеден баж салығын кө­бейтіп жатыр, өзіміздің Қазақ­стандыкін емес, ресейлік өндіру­шіні қорғап жатыр, себебі қа­зақ­стандықтар негізінен импорт­тық тауарларды тұтынады.
Сауда статистикасына сәй­кес, бірінші жарты жылдықтың нә­тижелері бойынша, Ресейге әке­тілген біздің экспорттың жалпы үлесі 9,1 пайызды құрады, ал біз­дің импорттағы Ресейдің үлесі
43 пайыз шамасына дейін күрт өсті, ал ол соңғы жылдары 35-36 пайыз деңгейінде тұрақтанып жүрген. Бұл Ресейден Қазақстан­ға әкелетін импорттың өсіп жат­қанын білдіреді, себебі өзге ел­дердің барлығының импорты кеден баж салығының көбейгені себепті біз үшін шынымен қым­баттады. Сөйте отырып, валюта бағамдарының айырма­шы­лығының кесірінен (мысалы, Ресейдің рубльге қатысты бір ва­люталық саясаты бар: теңгемен салыстырғанда, олар рубльді анағұрлым шұғыл күшейтіп отыр) біздің экспортерлер үшін қазіргі сәтте, Ресейге экспорттау тиім­ді. Біздегі экспортерлер - ең алды­мен шикізат өндірушілер ғана, ол минералды саламен байла­нысты.
Кеден одағының пайдасы мен зияны анық біліне бастады. Көр­шілерімізбен арадағы 39 кедендік бекет жабылды. Ортадағы тү­сімдердің 90 пайыздайы Ресей еліне бұйырып қалаған 10 па­йызын қазақ пен Беларусь қыл­дай бөлмек. Баяғы кеңес өкіметі ке­зіндегі 94 пайызды Мәскеуге беріп отырған кейіпіміз қайта келгендей. Қазақстан, Ресей мен Беларусь үшеуінің одағы Еуро­одаққа түбегейлі ұқсамайды: эко­номикалардың үлес салмағы затымен әр алуан. Өйткені Еуро­одақтың негізінде бір-бірімен салыстыруға келетін Франция мен Германия экономикалары жатыр, ал біздің жағдайымызда ресейлік экономика беларус­тық, тіпті, қазақстандық экономика­дан анық басым түседі.
Бюджеттік-салықтық сая­сатты айтпағанда, беларусьтық басшылық қаржы саясатын координациялау тұсындағы еге­мендігінің бір бөлігінен де айы­рылуға анық дайын емес. Сауда заңнамасын бірыңғайлауға бай­ланысты жағдайды реттеу қиын соғып жатыр: осы жылдың мау­сымында Ресейдің экономикалық даму министрлігі Беларусьтің сауда кедергілері ең көп ел екенін атап өтті.
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің үлес салмағы 20 пайызға да жетпейді. Ал Жапония, Германия, Болгария және Италия елдерінде бизнес саласы ішкі жалпы өнімнің 50 пайызын бе­реді.
Ресейлік «Ведомости» газеті беймәлім дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ресейдің Кеден одағынан көрген шығындары жайлы жазады. «Ресей бюджеті 2011 жылдың алғашқы жарты­сында 18,5 миллиардқа жуық рубльге толықпады, себебі Кеден одағы шеңберіндегі сырттан келетін баж салықтары импорт бойынша нақты мәліметтердің негізінде емес, алдын ала жа­салған тұжырымға сәйкес Ресей, Беларусь және Қазақстан бюд­жеттері бойынша үлестіріледі» деп жазады басылым.
Ресей бірыңғай кеден аума­­-ғын "Кеден одағы тартымды­лығы-­ның негізгі элементі" десе, біз ресейлік нарыққа жеткізіл­ген қазақ­стандық, беларусьтық та­уарлардың көлемдерін салыс­тырып алып, өсім не құлдырау болса - белгілеп, капиталдандыру компанияның табысына қан­шалықты әсер еткенін анықтап біле аламыз.
Ең бастысы - сауда ке­дергілерін алып тастағанда, биз­нестің жұмыс шарттары, нарыққа ену шарттары өзгереді. Беларусьте Кеден одағын құру қазақстандық және ресейлік тауарлардың отан­дық нарыққа енуіне арналған тарифсіз реттеу амалдарын тоқ­татуға душар етпеген. Бе­ларусьте "даналап сатылатын азық-түлік тауарларының 90 пайызы мен өнеркәсіп тауарларының 80 пайызы осы елде өндірілген болуы тиіс" деген феодалдық ереже сақталып келеді. Қазақстандық және ресейлік тауарлардың Бе­ларусьтегі айналымын шек­тейтіндей қағаз жүзінде қағида жоқ, бірақ Кеден одағы бойын­ша серіктестерін жазалау тәсілі деуге келетін заң қолдану тәжірибесі бар. Өйткені Беларусьтің ішкі тұтыну экспортына тоғыспалы кө­мек қаржы бөлудің түр-түрі бар. Беларусьтың қайғысы, әрине, мұнай мен газ мәселесі. Бұл ретте біз Ресейден 2,5-3 миллиард доллар түріндегі көмек қаржы­ға тең келетіндей 6,3 миллион тон­на мұнайды баж салығынсыз алып отырамыз. Газға деген нарық­тық емес, шартты әрі саяси баға­ның бары шүбәсіз.
Қазақстанда анағұрлым кө­бейген кеден баж салығының артуына байланысты республика бюджеті өсіп барады. Халықтың төлем қабілетінің есебінен осылай болып жатыр: біз басқа үшінші елдерден әкелінген тауарларға анағұрлым жоғары баж салығын төлейміз. Беларусь пен Ресей ара­сындағы баж салығының айыр­машылығы мейлінше аз бола­тын, сондықтан Беларусьтегі бюджет­тің толығуы қомақтырақ, бірақ сол баяғы Ресейдің арқасында.
2011 жылдың алғашқы жар­тысында Қазақстан Ресей үлес­тірген 118 миллиард теңге мөлше­ріндегі кеден баж салығын алды. Бұл шамамен 23 миллиард рубль болады. Бұл жағдайда тек қана кеден баж салығы туралы сөз болып отыр, бұл арада Ресейдің шығындары мен Қазақстанның алар пайдасы жайлы бірден қорытынды шығаруға бол­майды.
Қазіргі жағдай біртүрлі: Ресеймен бірге одақтық мемле­кет сияқтымыз, бірақ одақтық мем­лекет шеңберінде ақша мен қызмет көрсетулерді айтпағанда, тауарларды еркін айналымға жіберу мүмкін емес. Сол себепті осы комбинацияға Қазақстан келіп қосылғанда, сауда кедер­гілері алынып тасталады деп пайымдауға болар еді. Бұл арада Ресейдің халқы 140 миллион адамды, оның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) бір жарым триллион долларды құрайтыны, ал Бе­ларусьтегі ЖІӨ 53 миллиард доллар болатыны маңызды емес. Ойын ережелері бәріне бірдей болуы керек.
Мысалы, «АҚШ-пен салыс­тырғанда, кішігірім Мексика осын­дай еркін одақтың мүшесі бол­ғандықтан ұтып отыр» дейді NAFTA. Ал бізде, өкінішке қарай, экономика, сауда мен бизнестен гөрі саясат туралы көп айтылған ТМД-ның сәтсіз тәжірибесі болған. Қазір бізде Кеден одағы бар, бірақ мұнда да саясат көп, экономика тым аз.
Беларусь экономикасы көп­теген институционалдық белгі­лері бойынша не ресейлік эконо­ми­камен, не нарықтық экономи­каны құру тұрғысынан анағұр­лым ілгері жылжыған қазақстан­дық экономикамен сыйыспайды. Беларусьте өзгеріссіз орнығып қалған мемлекеттік жоспар бар, тіпті, елдің ішінде ойынның бі­рыңғай ережелеріне жол бер­мейтін орталық бәрін де басқа­рып отырады.
Еуро аймағын Еуропалық одақтың макроэкономикалық саясаттың ақша жағын келісіп алып, фискальды, бюджет жағын келіспегендігі тұсап жатыр. Бе­ларусь, Қазақстан және Ресейде бұл элементтер мүлдем сөз бол­маған. Сол себепті Кеден одағы жетістікке жетеді деп әрі бүгін-ертең бұл елдер шынымен пайдаға кенелді деп ешкім де айта ал­майды.
Аймақтық деңгейде қазір аса қатаң бәсеке жүріп жатқанын ұмытпау керек. Біз қазірдің өзінде әлдебір ортақ банк құру бары­сында пайда болып жатқан құ­зыреттерді бөліп беруді бастап кеттік.
Қазір кейбір саясатшылар Кеден одағынан шығу мәселесін қолға алу керек дегенді айтады. Кеден одағынан шығуға арнал­-ған белгілі бір ережелер бар, ал олар - аса қатаң. Басыңды өз еркің­мен торға бір сұққан соң, одан құты­лу қиын шаруа. «Тоқсан ауыз сөз­дің тобықтай түйіні», қазір Қазақ­стан өз егемендігінің бір бөлігінен айырылуға дайын тұрған тә­різді...

А.АХМЕТОВ


«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
8 ноября 2012, 15:27
409

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Несмотря на то, что Астана столица, и один из самых красивых и современных городов Казахстана, здесь все равно есть места, за которые стыдно и даже как-то неудобно перед гостями.
Washington
12 янв. 2017 / 12:25
  • 20173
  • 25
Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Путеводитель по соревнованиям Универсиады с рекомендациями, какие соревнования Универсиады никак нельзя пропустить. До встречи на Универсиаде!
olympic
11 янв. 2017 / 10:40
  • 17836
  • 7
Господин министр, что означает ваша фраза «Хорошо, не открывайте, мы найдем другой способ проверить»?

Господин министр, что означает ваша фраза «Хорошо, не открывайте, мы найдем другой способ проверить»?

Это что, совет? Рекомендация? Или это угроза? Чего нам ждать? Чего нам бояться? Мы – законопослушные граждане Республики Казахстан, мы ЗА ужесточение законодательства в части борьбы с терроризмом, но при этом...
AliyaSadyrbaeva
10 янв. 2017 / 21:02
  • 15276
  • 31
Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 13707
  • 12
«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

Казахстанцы по-прежнему с нескрываемым возмущением и сарказмом комментируют нововведения в миграционное законодательство. Проблема, как это ни парадоксально, в том, что мы, казахстанцы – народ законопослушный.
openqazaqstan
12 янв. 2017 / 10:07
  • 10923
  • 26
Так и думал, что 2017-й начнется отвратительно. Каково вообще таким как я, квартирантам?

Так и думал, что 2017-й начнется отвратительно. Каково вообще таким как я, квартирантам?

В городе у меня нет совершенно никого, поэтому ни прописки, ни регистрации у меня нет, а живу я в съемной, как и многие. К сожалению, далеко не каждый человек готов прописать, хоть и временно, своего квартиранта.
MrVladimirLV
10 янв. 2017 / 15:21
  • 6778
  • 81
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 4521
  • 27
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 4053
  • 4
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 3613
  • 42