• 23797
  • 4
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Еркін қазақ қыздарының декларациясы

Кіріспе сөз

Құдайдың барша адамдарды құқықтарында бірдей қылып жаратқанын, барлықтарының еркіндікке, бейбітшілікке және бақытты өмірге құқылы екенін ескере отырып;

Жалған сунниттік ұйымдасқан қылмыстық топ-секталар тарапынан Қазақстандағы қыз-келіншектердің құқықтарына төніп тұрған қатерді ескере отырып;

Қазақ еркектерінің бұл төнген қауіп-қатерлерді көрмей, құр қол қалғанын, Құранның және басқа Құдайдың жазбаларының мағынасын бұрмалайтын ортағасырлық және кертартпа топ-секталардың ықпалына төтеп беруге қауқарының не мүмкіндігінің жок екенін ескере отырып;

Өзіміздің және келер ұрпақтың өмірі үшін жауапкелшілікті түсіне отырып;

Аты аталған Декларация қабылданады. Мұнда біз екіжүзділер мен езушілерге қарсы шығуға, ақыл мен мейірімділікке бас ұруға шақырып, қазіргі заман қазақ қыз-келіншектерінің пәк әрі мінсіз бейнесін суреттейміз.

Бұл Декларация бүкіл Қазақстан азаматтарының жүзеге асыруға умтылатындай мәселелер жиынтығы ретінде жариаланады. Мұндағы басты мақсат — білім мен ағарту жолымен әйелдердің бостандығы мен құқықтарына құрметпен қарап және барша жұрт тарапынан сақталуына шақыру.

1-бап

Еркек немесе әйел болу бұл тек екінші дәрежелі ерекшелік. Түсінуіміз қажет шындық мынау — бәріміз де ең алдымен Адам баласымыз.

Әр адамның ең басты мақсаты — Құдай берген бостандығымыз бен ақылымызды қолдану.

Бізді хайуаннан айыратын тек нарсе — ойлау қабілетіміз.

2-бап

Біздің ақылымыз идеяларды зерттеп, сараптап, жинақтауға қабілетті, және біздің өміріміздің кездейсоқтық емес екенін көрсетеді. Әрқайсымыздың өміріміз мән-мағынамен нұрланған. Біздің өміріміз бізге жүктелген міндет борышымызды шектен шықпай толықтай орындап шығуға бағытталған.

Қоршаған ортамыздың күрделілігіне әрі жүйелілігіне куәміз. Ішкі дүниеміздегі қисын мен симметрияны ойлау қабілетіміздің әдістері мен айла-тәсілдерінен көре аламыз.

Әлем мен адамның ұштасқан табиғаты барлық нәрсенің бір Жаратушысы ғана бар екенін паш етеді. Бұл өз кезегінде әр адамның, ерке әйелі бір, Жаратушының алдында тікелей жауапкер екенін айқын түрле көрсетеді.

Құдай, Жаратушы, Ақиқат, Себептердің себебі — ол жақсылық көзі.

Құдай бізді жек көрмейді, бізге тек қана бақыт тілейді. Бұл әлемді бізге қуаныш орны етіп жаратты және бізге артылған міндеттерді орындауда қиындық тілемейді. Өзі шексіз абсолютті еркіндік Иесі ретінде Құдай бізді де сондай еркіндік иелері қылып жаратты.

3-бап

Құранның керемет философиясы, ғылыми деректердің алуандығы, Құранның математикалық симметриясы, араб поэзиясының қайталанбас туындысы екенін ескерсек, онда Құран Құдайдың адамзатқа жіберген ақырғы кітабы екенін қабылдаймыз.

Біз өз өмірімізде еш ескерусіз қалмай, өмірлік нұсқау ретінде кітабымыз болғаны таңқаларлық жайт емес.

Алайда біздің бұл кітапты зерттеуімізде және оны сунни және шия дәстүрлі түсінігінен айырмашылығы бар екенін, және дәстүрлі түсініктің бұрмаланғанын түсіндік.

Құранда адамдарды таспен атқылап өлтіру жайында еш нарсе айтылмаған, бірақ ондай қатаң жаза ескі дәстүрде бар. Құранда дінсіздерді өлтіруге әмір етілмеген, алайда ескі дәстүр адам өлтіруді жөн санайды, Құранды ұрының қолын шабу жайында айтылмаған, бірақ көне дәстүршілер қолды шауып жатыр әлі күнге дейін. Өкінішке орай, мұндай келеңсіз жағдайлар өте көп, және ислам әлемінде кең тараған.

Құранның мағынасын бұрмалауға негіз болған Мұхаммед пайғамбардың өмірі жайында жазылған хадистер жинақтары. Осы хадистерге негізделген Құран түсініктемелерін (тәпсірлерін) қолдана отырып, дүмше молдалар мен ишандардан жиналған топ қарапайым халықты алдаусыратады.

Хадистердің барлығы дерлік Құранға қайшы келеді.

Құран ойлау бостандығына, демократияға, адамдардың барлығының тең құқықты болуына шақырады.

Дін басылары тарапынан ресми түрде қабылданған хадистердің көпшілігі зорлық-зомбылыққа, дәлелденбеген қағадалыққа, ұлтшылдыққа, гендерлік теңсіздікке алып барады.

4-бап

Діннің кез келген ұйымдасқан түрлерінің бәрі тек ақша табудың көзіне айналғаны рас, құныққан адамдардың қолдан жасаған тұзағы және Құдайға ешқандай да қатысы жоқ.

Әрбір адам Құдай алдында тек қана өз басы үшін жауап береді және ешкім басқа біреудің жауапкершілік жүгін арқаламайды.

5-бап

Құдай әмірлерінің түсіндіру құқығын меншіктеп алған, қатып қалған әрі Құдайдың сөзіне еш қатысы жоқ дін салт-дәстүрлерін қабылдауға мәжбүрлейтін барлық дін адамдарына қояр талаптарымыз бар.

Ешбір адам өзін Құдайдың өкілі ретінде көрсетіп, басқа адамдарға Ақиқатты тану және оған қызмет ету әдіс тәсілін бұйыра алмайды деген ой, осындай талап қоюымыздың да басты себебі.

Ислам салт-дәстүрін түбегейлі зерттеп, Құран мәтініне лингвистикалық сараптама жасағаннан соң, Құранда әйелдердің басты міндеттері мен құқықтары еркектердікінен еш айырмасы жоқ екенін түсіндік.

Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін бірнеше ғасыр ішінде Құрандағы әйелдердің жағдайы ислам салт-дәстүрінде толықтай бұрмалап, өзгерткен әйел табиғатына қас надандар.

Мысал ретінде хиджаб, немесе басты бүркемелеу сияқты көптеген дау-дамай тудырған мәселені алып қарайық.

"Хиджаб" сөзі Құранда кездесе ме?

"Хиджаб" сөзі Құранда 7 рет кездеседі, бұған қоса, 5 рет "Хиджаб", 2 рет "Хиджабан" делінеді. (Қараңыз: Құран 7:46, 33:53, 38:32, 41:5, 42:51, 17:45 және 19:17).

Бұл сөздердің ешбірі мұсылман әйелдеріне арналған дресс код турасында сөз болғанда, қазіргі дәстүрлі мұсылмандар “Хиджаб” сөзіне үстейтін мағынасында Құранда пайдаланылмайды. Мұхаммед пайғамбарымыз дүниеден өткен соң арада бірнеше ұрпақ ауысқаннан кейін мұсылмандардың "Хиджаб" сөзін Ол ешқашан уәжіп етпеген дресс кодты атау (белгілеу) үшін қолдана бастайтынын білді. Алла, "Хадис" сөзіндей, бұл сөзді де олардан едәуір бұрын пайдаланды. Құранда Хиджабтың мұсылман әйелдеріне арналған дресс кодпен ортақ ештеңесі жоқ.

Тарихи дерек:

Көптеген мұсылмандар "Хиджабты" исламның дресс коды атағанда, олар хиджабтың дресс код ретінде не Исламмен, не Құранмен ортақ ештеңесі жоқ екенін мүлде елемейді, ескермейді.

"Хиджаб" немесе бетперде бағзы өркениеттер дәуірлерінен бері белгілі болған. Бұл киім кескінін (бейнесін) ертедегі және кейінгі рим және грек өнері туындыларынан табуға болады, бұны қыш бұйымдар, суреттер (картиналар) немесе азаматтық заң қолжазбаларының жұрнақтары түріндегі археологиялық табыстар айғақтайды.

Грек-рим мәдениетінде әйелдер де, ерлер де өздерінің діндарлығын таныту үшін бас киім киетін болған. Әйелдердің бетперде тағуы және ерлердің бас киім киюі дәстүрін соңыра еврейлер қабылдап, бұл дәстүрді Талмудта рәсімдеп, бекіткен, ал, одан кейін оны христиандар қабылдады. Әлдебір раввин бірде бір топ еврей қыздарына былай деп түсіндірді: "Біз Торадан әйелдердің міндетті түрде бастарын жауып жүруіне тікелей нұсқау таппаймыз, бірақ, біз бұл салттың мыңжылдықтар бойы сақталып келгенін анық білеміз». Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін хадистер авторлары осы басты бүркеу көне дәстүрін қолдап, қуаттап отырды. Хадистер авторлары бұл дәстүрді, басқа да көптеген дәстүрлер сияқты, еврейлерден алған, сөйтіп, Құранда ондай нұсқау жазылмағандықтан, оны Пайғамбарға теліген (тән еткен).

Еврей дәстүрлерін немесе діни кітаптарын оқып-зерттей отырып, еврей әйелдерінің (ерлерінің де) бас киім киюі раввиндер мен діни көсемдер тарапынан қошталып-қуатталатынына көз жеткізуге болады. Діни жөн-жосықты берік ұстанатын еврей әйелдері әлі де күннің басым бөлігінде, әсіресе, синагогаларда, тойларда және діни мейрамдар кезінде бастарын жауып жүреді.

Христиан әйелдері көптеген діни шаралар кезінде бастарын бүркейді, ал, монахинялар үнемі бастарын қымтап жауып жүреді. Әсілі, дәстүрлі арабтар қай дінді – иудей, христиан немесе мұсылман дінін ұстансын, мейлі, Исламның ықпалымен емес, дәстүрге орай бас киім немесе “хиджаб” киюге дағдыланған деп топшылауға болады. Сауд Аравиясында күні бүгінге шейін ерлердің көпшілігі Ислам солай талап еткендіктен емес, қайта, дәстүр бойынша бастарын бүркейді. Солтүстік Африкадағы туарегтер тайпасында әйелдердің орнына, мұсылман еркектер "хиджаб" киетіндігі белгілі. Ондағы хиджаб кию дәстүріне сай, ерлер мен әйелдердің рольдері өзара орын алмасқан. Егер Хиджаб кию ізгі де діндар мұсылман әйелдің бірден-бір белгісі болып табылса, онда Тереза Шешейді солардың біріншісі һәм бірегейі санауға болар еді.

Тұжыра айтқанда, хиджаб – бұл Исламға және, жалпы, дінге еш қатысы жоқ дәстүрлі киім. Әлемнің кейбір аймақтарында хиджабты тек ер адамдар, ал, басқа бір аймақтарында тек әйелдер киеді. Дінді дәстүрмен шатыстыру пұтқа табынушылықтың көрінісі болып табылады, өйткені, дәстүрді жақтаушылар өздері ұстанатын амалдарды небір дереккөздерден алады, бірақ, қайдан алса да, тек Қасиетті Жазбаға (Құранға) жүгінбейді, сөйтіп, онымен қоймай, оларды Құдайдың үкімдері ретінде жария етеді. Кімде-кім Аллаға ортақ қосатын болса, кешірілмес күнәға батады.

Алланың Оның кітабында ғұзыр еткенін елеусіз қалдыру және Құран бекітпеген, ойдан шығарылған амалдарды ұстану Алла мен Оның жолдауын құрметтемеушіліктің айқын белгісі болып табылады. Дәстүр Алла өсиетінен жоғары қойылған кезде хақ дін екінші қатарға ысырылады. Алла ешқашан екінші орында болуға келіспейді, Алла әмісе бірінші болуы тиіс, екінші орын Оған мінәсіп емес.

6-бап

Сонымен қатар, Құдай өз Құранында әйелдердің (еркектер секілді) ақылды, ұшқыр ойлы, жауапкершілікті, бостандықты сүйетін, жаңа білімге ашық адам болуымызды қалайды.

Қазақстанның қыз-келіншектері бағы бар екен.

Тарихтың талай тәлкегінен өткен халқымыздың әйелдері салыстырмалы түрде бостандығы және білімі бар (Сауд Арабиясы немесе Ауғанстан әйелдерімен салыстырғанда).

Қазақстан әйелдері сонымен қатар басқа елдердегі сунниттік және шиілік идеологиялардың шырмауындағы әйелдерінің де тағдыры үшін жауапты.

Дүмеш молдалар мен шайхы-машайықтардың бұрмалаушы догмаларының бұрыстығын көрсете аламыз, демек солай жасауымыз керек.

Бүкіл әлем әйелдеріне ақиқат үшін күрестің және табандылықтың нағыз үлгісін көрсете аламыз, демек солай жасаймыз.

Қазақ қыз-келіншектері ақылдылықтың, намыстың, қарапайымдылық, жауапкершіліктің және мейірімділіктің нағыз үлгісі болуы керек.

Ресми дін басыларының айтқанындай «әйел орны ошақ басында», «әйелін жұмаққа апаратын күйеуі» емес, Құранның сөзімен айтқандай Ақыл, Әділет, Мейірімділік және Батылдық. Тек осылар бізді жұмаққа апара алады.

Қыздар — АЛҒА!

Ғылым мен философия шыңдарына!

Аллажар!

nurmura
19 октября 2012, 20:35
479

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Говорят, что за каждым великим мужчиной стоит женщина. А еще говорят что, все великие люди меняют судьбу своего народа. Так давайте узнаем больше о русских женщинах, навсегда изменивших жизнь...
Shala-Kazakh
17 февр. 2017 / 23:21
  • 32963
  • 81
«Мужчины, живущие с родителями после 25 лет». Опрос набирает популярность в сети

«Мужчины, живущие с родителями после 25 лет». Опрос набирает популярность в сети

"Как вы относитесь к мужчинам, которые в 25+ еще живут с родителями?". Опрос, который набирает популярность в соцсетях. Хотелось бы узнать, что же думаете вы по этому поводу?
Muchacho55
15 февр. 2017 / 18:51
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 4993
  • 43
Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже никого...
Ispanec
сегодня / 11:05
  • 4414
  • 8
Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Казахстанцы отдохнут около полумесяца в грядущем марте. В связи с праздниками в марте ожидается четыре дополнительных выходных дня. Первый, разумеется, выпадает на главный женский день в году, а...
Seattle
17 февр. 2017 / 13:20
  • 4426
  • 4
«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

Так мог бы звучать заголовок этой публикации, откажись Европа, Турция, ОАЭ, США и другие от фундаментального права человека на имущество. Пост про то, кто заработает на поправках в Конституцию РК...
lyalusha
16 февр. 2017 / 14:45
  • 3609
  • 27
Секреты женского оргазма или Почему вокруг так много фригидных женщин

Секреты женского оргазма или Почему вокруг так много фригидных женщин

Просьба отключить режим высокой морали и узколобия, а внять советам, дабы сделать немножко счастливей и свою жизнь, и жизнь партнера. Всем уят! :D
kami_princesska
16 февр. 2017 / 11:39
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 3341
  • 44
Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Всем доброго времени суток! Поскольку сейчас долгожданные выходные, я болею и имею полное право ничего не делать за чашечкой горячего чая, то решила все-таки написать этакий скромный пост о себе...
Sserikyzy
18 февр. 2017 / 16:35