Тікелей эфир

Олжас Оқасов — футбол фристайлын меңгерген қазақ журналисі

«Спорт журналистикасы - нағыз патриоттық журналистика» дейді Қазақ Ұлттық Уиверситетінің 3 курс студенті Олжас Оқасов. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттің нағыз өзі деп айтуға тұрарлық кейіпкеріміз спортпен де, музыкамен де, шығармашылықпен де айналысады. Ал биылғы жылы «Футбол фристайлы» сайысының бас жүлдегері атанды. Олжас Қазақстан футболының жағдайы мен спорт журналистикасының ерекшеліктері жайында баяндап, жеңістерімен бөлісті.

- Өзің қатысқан байқау туралы толығырақ айтып кетсең, қай жерде, қалай өтті?

- «Футбол фристайлы» алғаш рет 2011 жылдың көктемінде  белгілі спорт журналисі Қуандық Шынасылов ағамыздың бастауымен Алматыда өтті. Ол маған: «Олжас, футболға бейімің бар ғой, қатысып көр», - деп шақырған болатын. Бұл жарысқа Қазақстанның әр түкпірінен балалар келді.

«Футбол фристайлы» - доппен түрлі акробатикалық трюктар жасау, допты аяқпен игерудің тәсіл-әдістерін көрерменге әдемі жеткізу. Баспен, аяқпен допты ұршықша иіріп өнер көрсету. Менімен тайталасқан ең басты қарсыласым - тараздық Маиль деген жігіт болды. Оның доп тебу техникасы өте дамыған. Бірақ менің ұтқан жерім - артистизмім. Қазылар алқасында белгілі футбол мамандары мен «Музарт» тобының Кенжебек деген әншісі болған, осы кісілердің алдында доппен «Қара жорға» билегенде, олар таң қалып, бірінші орынды қанжығама байлады.

- Футбол фристайлының тарихы жайында айтып өтсең...

- Футбол фристайлы 1985 жылдан бері дамып келе жатқан спорттың бір түрі. Одан әлем біріншіліктері де өтеді. Бірнеше рет нидерландтық Адам деген жігіт чемпион атанған. Алайда оған арнайы үйретпейді. Мысалы, Ютубты ашсаңыз, онда әлемнің түкпір-түкпірінен балалар допты игеру тәсілдерін салып, бір-бірінен тәжірибе алмасып қана қояды. Егер допты игеру техникасы мықты болса, бұл ойынға ойланбастан қатысуға болады.

- Өзің футболмен бала кезден шұғылданады екенсің, футболға деген қызығушылығың қашан пайда болды?

- Футболға әкем бала кезімнен баулыды. Ол өзі футбол бапкері. 1998 жылы өзіммен қатарлас балаларға арнап, футбол үйірмесін ашқан. Оған мен де бардым. Кейін Алматыда «Алматы жастар футбол мектебі» ашылды. Сонда 250-ге жуық футболшы балалар сүрлеуден өтті. Біразы футболшы болды, кейбірі бола алмады. Мен бола алмағандардың қатарына жатамын. Өйткені жарақаттарым мен денсаулығыма байланысты 8, 9-сыныптарда футболшы боламын деген үмітім үзілді. Әкем қазір де бапкер болып жұмыс істейді. Қаскелең ауданының 99-шы жылғы балалар арасындағы құрамасының жаттықтырушысы.

- Футболдағы жетістіктерің жайлы айтып өтсең?

- 2003-2004 ж.ж. Алматы чемпионы, 2005 жылы қола жүлдегері, 2007 жылы күміс жүлдегері, т.б. бала кездегі жетістіктерім бар. Осылардың ішіндегі ең үлкен жетістігім деп 2004 жылы Алматыда өткен Қазақстан чемпионатындағы 1-орынды айтар едім. Бұл кезде біз сол жастар футбол мектебі атынан, Алматы қаласының атынан өнер көрсетіп, республика бойынша командалармен тайталасып, олардың арасынан озып шықтық.

- Футболдағы позицияң?

- Оң қанаттағы жартылай қорғаушы. Сондай-ақ ортада да ойнаймын. Шабуылшыға онша бейімім жоқ. Көбінесе сол қорғаушы амплуасында ойнаймын.

- Қазақстандағы футбол жайын өзің қалай бағалайсың? Оның даму кезеңдерін айтып өтсең?

- Қазақстан футболы туралы әңгіме өте көп айтылып жатыр, айтылған да, әлі де айтылады деп ойлаймын. Қазақстан футболы бұрыннан дамыған. Мәселен, «Қайраттың» өзін алайық. Бұл футбол команда біз үшін аңызға айналған. 60-70 ж.ж. «Спартак» секілді белді футбол клубтарымен бәсекеге түсіп, оларды өз алаңымызда жеңіп кеткен жайларымыз да болды. Қазақстан футболының «алтын кезеңі» деп сол кездерді айтуға болады. Кейінірек бұл үрдіс саябырси бастады. Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде біздің чемпионат деңгейіміз нашарлай бастады. Қазақстан футболы бір кездері тіпті құлдырауға дейін барды. Алайда 2002 жылы Еуропа қауымдастығына кірген соң, Қазақстан футболының деңгейі біршама жоғарылады. Еуропаның, оның ішінде Португалия, Англия бар секілді көптеген белді құрамалырмен ойнап жатырмыз. Оның бәрі жас футболшылар, көрермендер арасында қызығушылық тудырады. Сондай-ақ, қазіргі Беранек деген жаңа бапкеріміз, менің ойымша, жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Оның жемісін соңғы ойындардан байқауымызға болады. Түркия елімен ойнағанда 2-1 мен жеңілдік. Бірақ Қонысбаевтың голы оларды біраз әбігерге салды. Жеңістеріміз әлі де алда деп ойлаймын.

- Оның дамуына, сенің ойыңша, не кедергі?

- Біріншіден, ұлттық құрамаға жастардың тартылмауы. Футбол мектептерінің ашылмауы. Ауылдағы, түкпір-түкпірдегі балаларды футболға тарту керек, ол үшін спорт интернаттарын ашу керек. Мұндай мәселелер қазірде қаралып жатқан жоқ. Мәселен, Алматының өзінде балалар футболы жоқ деуге болады. Алматы бойынша жастарға арналған бес-ақ футбол клубы бар. Олар «Цесна», «ЦСК», «Спутник», «Қайрат» сияқты өзара ойнайтын 4-5 команда. Бұрындары, мысалы, мен ойнап жүрген кезде, 2003-2004 ж.ж., Алматының чемпионатында 11 командаға дейін ойнайтын. Ол кезде демеушілер көп, балалар футболы дамыған болатын. Ал қазір бұған көңіл бөлінбей жатыр.

Екіншіден, коррупция мәселесі. Әсіресе балалар футболында бұл кең етек жайған. Негізінде оларға УЕФА тарапынан да, Қазақстан футбол федерациясы тарапынан да өте үлкен қаржы бөлінеді. Алайда өзінің түп мақсатына, балаларға жетпей жатады. Доп, ойнайтын алаң, экипировка, т.б. осы жемқорлықтың салдарынан балаларға жетіспейді.

- Біздің футболда жанкүйерлер тарапынан болсын, ойыншылар тарапынан болсын ұлттық рух бар ма?

- Өте орынды сұрақ. Жалпы кез келген спорт түрінде ұлттық рух ең басты элемент болуы керек. Мысалы, өз алаңында Түркия құрамасы ойнағанда, түрік жанкүйерлері стадионды жарып жібере жаздайды. «Түркия, Түркия!» деген дауыс күші 130 дБ-ға дейін жетіп, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Түрік рухын сол кезде сездік. Англия құрамасының ойыншысы Джон Терри де: «не деген рухы күшті халық, бірінші рет көріп тұрмын», - деп таң қалыпты.
Біздің жанкүйерлерге де ұлттық рух керек. Ал ол рухты қалыптастыратын өзіміздің ойыншыларымыз. Егер де алаңда 11 қазақ ойыншысы өз елінің намысын қорғап, футбол десе ішкен асын жерге қойып ойнаса, оны көрермен де сезеді. Сол кезде ұлттық рух та, намыс та пайда болады.

- Футболдағы кумирлерің кім?

- Футболдағы кумирлер сүйікті әнің сияқты, әр кез ауысып тұрады. Ең алғашқы кумирім – Зидан. 1998 жылы, әлі есімде, ойындарды 6-7 жаста болсам да, үзбей қарап, Зиданның баспен соққан екі голын көріп тәнті болғанмын. Ал кейін келе Роналдо, Ривалдо, Карлос, бүгінде – Месси, К.Роналду, Хави, Иньеста, бәрін айта берсе болады. Ал қазақстандық футболшылардан Нұрбол Жұмасқалиев пен Самат Смақов. Самат Смақов өзіміздің Семей өлкесінде туған, Қазақстан құрамасында ойнағанда, жанын салып ойнайтын футболшы. Ал Нұрбол Жұмасқалиевтің техникасы ұнайды. Допты игеру стилі, шеберлігі өте жақсы дамыған. «Тоболдағы» 10 жыл бойы көрсеткен өнері соның дәлелі. «Тоболды» чемпиондыққа жеткізген де Нұрбол Жұмасқалиев.

- Футболдан басқа немен шұғылданасың?

- Футболдан басқа музыкамен айналысамын. Бірінші сыныптан бастап, фортепиано бойынша 7 жылдық музыка мектебін бітірдім. Еріккендегі ермегім - музыка десем де болады. Сонымен қатар, журналистика факультетінің студенті болған соң, мақала жазып тұрамыз.

- Ал фортепиано мектебіне баруыңа не түрткі болды?

- Ол қызық болды. Бірінші сыныпқа барғанда, мамам «фортепиано сыныбына балаларды жинап жатырмыз» деген есіктегі хабарламаны көріп, сені де апарамын деді. Мен «бармаймын!» дедім. Сонда да мамам қолымнан жетектеп апарып, ойнатқызды. Балалардың бәрі сыртта асыр салып ойнап жүргенде, мен қара жәшікті дыңғырлатып отырдым. Бір-екі жыл солай қиналып ойнап жүрдім. Ал кейін Бетховен, Бах, Моцарттардың үлкен шығармаларын өткен соң, оның әсем әуезі мені еліктіріп, әрі қарай қызықтырып әкетті. Бірақ сонда да ол менің хоббиім ретінде ғана қалып қойды.

- Ал музыкамен кәсіби түрде айналысқың келмеді ме?

- Оған жүрегім тартпады. Өзім «спорт, спорт» деп әрқашан елеңдеп тұрған соң, спортқа жақын болдым. Ал кейін спортшы бола алмаған соң, спорт журналисі болғым келді. Оған да бейімім бар екені байқалды. Сейдахмет Бердіқұлов, Амангелді Сейітханов, Гений Төлегенов сияқты жазғым келді.

- «Мінберде» спорт айдарын жүргізеді екенсің, оған қалай келдің?

- «Мінбердің» редакторы Мейіржан Әуелхан деген группаласым спорт туралы жазып жүрсің ғой деп, өзіне тартты. Ол жерде ауыр атлетика, бокс, футбол, т.б. спорт түрлерін насихаттап, жазып тұрамын. Сондай-ақ, «Аламан» сайтына да жазып тұрамын.

- Спорт журналистикасының ерекшелігі, қиын тұстары неде деп ойлайсың?

- Спорт туралы жазудың аса қиыншылығы жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы, спортты түсіну керек, оны сүю керек. Спортқа деген өзіңнің бейімің болуы керек. Спортқа мүлдем қатысың болмай, спорт репортажын жүргізе алмайсың. Журналистиканың басқа салаларына қарағанда, өзіме спорт журналистикасы қызығырақ болып көрінеді. Спорт журналистикасы - нағыз патриоттық журналистика.

- Ал қазіргі жастарға қандай баға бере аласың, олардың кемшіл тұстары қандай?

- Жастардың жаманы болмайды. Олардың арасында тек адасқандар болады. Елімізде жастарға көңіл бөлінеді. Алайда ол кей жағдайларда жетіспей жатады. Мысалы, жастарды спортқа тарту аз насихатталады. Қоғамда өз орнын таба алмай жүрген біраз жастарды көрдім. Оларға жол сілтейтін, игі істерге бағыштайтын саясат жоқ.

- Өзіңнің сүйікті кітаптарың, жазушыларың?

- Сүйікті кітабым - Сейдахмет Бердіқұловтың «Арбаған мені бір сиқыр» кітабы. Сондай-ақ, Қабдеш Жұмаділов, Сәкен Сейфуллин, Қажығұмар, Шабданұлы, Мұхтар Әуезов сынды классиктерді сүйіп оқимын.

- Өмірдегі ұстаздарың кім?

- Ең бірінші ұстазым – әкем деп есептеймін. Ол кісі педагог қой. Талай балаларды тәрбиелеген, өз қолымен жетектеп, түзу жолға салған. Ал кейін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шәкен Дүзелова. Университетте - Римма Жақсылықбаева апайымыздан көп нәрсеге үйрендік. Сондай-ақ, қазір білім беріп жатқан Мұрат Шаймаран ағайымыздан жақсы тәлім алып жатырмыз деп ойлаймын.

Әңгімелескен Айжан Кәрібаева

31 қазан 2011 жыл

Олжас мына видеода өнерін көрсетеді.

Алия Arsik
1 қараша 2012, 5:55
3951

Loading...

Пікірлер

Зиданға қатысты алғанда әріптес екенбіз:) 98-ден бері сол футболшыға тәнтімін (кәсібилігін айтам, сендер не ойлап қалдыңдар, ой, ұятсыздар).
Айжан, рахмет:)
Бұл жігітпен доп қуған бір ғанибет. Пастары тамаша! Шайнап береді, тек жұтсан болғаны! Ал кей кездері мүлдееем ойнай алмай қалады. Бірақ, Мессиде күнде гол сала бермейді ғой, бұл да сол секілді!
күшті пікір:) Сендердің доп тепкендерің бір ғанибет қой))
Бұл жігіттің өткенін біз де енді хабардар болдық. Жалпы, келешекке байыппен қарап, ойындағысын толықтай жүзеге асыра алатын жігіт. Болашақта идеяға икемді, сөзі кесекті тұлға атанып, қазақ спорт журналистикасының әлемге мәртебесін көтереді.
Спорт журналистикасында осы күнгі Мессидің мәртебесін, Роналдудың техникасын берсін!
P/S Жоқ, дегенде КТК-ның бастығы болсай, брат!
Сұхбат жақсы шыққан екен. Бір деммен оқып шықтым. Бірақ, Иньестаның атын дұрыс жаза алмауыңа жыным шығватр. Ал, Роналдуды ваще өшіріп тастау керек
aybek
2
0
Жақсы сұхбат! Екпіндіктерге рахмет осылай жастарды көпшілікпен таныстырып жатқандарыңа үнемі тосам осы сұхбаттарыңды.
Әй, айтқаның келсін айналайын шырағым! Аузыңа періште салып беріп отырған шығар. Пікіріңе рахмет. Өзіңде жәй жүрген жан емес, болашағынан үміт күттірер нар тұлғасың ғой, қалқам! "Стенд-аптарыңды" тағатсыздана күтіп мәз болып көреміз үнемі. Жалпы қазақтан сөз қалған ба, "өшер елдің ұлдары бірін бірі қатын дер, өсер елдің ұлдары бірін бірі батыр дер" деген дана сөзі мына азғантай ғана жігіттеріміздің достығын асырып,араздығын жасыру мақсатында айтылған ғой. Расында да, дәйім бір-бірімізді қолдап, "белден кеткенде" сүйемелдеп жүрсек, бір біріміздің арқамызда шалқып тасып жүрсек ғаламат емес пе. Қазақтың әрбір жігіті "қазақ" деген қасиетті атын түсірмей жан-жағынан жарқылдап жүруі тиіс. Бүгінгі таңда бізге керегі - еңбекқорлық. Сондықтан түгеліміз бір жұдырықтың бес саусағындай жұмыла жұмыс істеп халқымыздың ырысы үшін ынтымағымзды жоғалпауымызға тілектеспін!
ar_777
0
0
Қазақ спорт журналистикасына осындай жас, білімді, намысты, рухы бар жігіттер керек. Сендей Қазақ ұлын өсірген ата анаңа көп рахмет! P.s. мақалада бас бапкердін тегі дұрыс жазылмады, "Баранэк" емес
Мирослав Беранек.
Олжастың классикалық музыканың шаңын қағатынын мен де енді біліп отырмын. "Әке көрген оқ жонар" деген осы.
Ыыы... пікірлеріңізге ризамын, рахмет. Негізі "Ред бул" қанаттандырады ғой. Ал мен сіздердің пікірлеріңізден шығармашылық бастау алайын)) Негізі үнемі пас беруге тырысам, "сараң" екенімді енді біліп жатырмын. Жөнделейік)) Расында да шығарманың авторы тамаша еңбектенген, Кербезге мың алғыс!
Оқасов! Музыкамен айналысқаныңды білмеппін. Күшті :))) Шығармашылығыңа, өнеріңе үлкен табыс тілеймін! Сені биік шыңдардан көре берейік!
Олжас бро жарайсың,сенің өмірде футболыңды көрмесемде видеодан фристайл торюктерінде көріп бір ырза боп қаламын..Сосын тағы мақалаларыңа әңгіме жоооқ
Олжаспен бір командада ойнаған шынымен керемет, кейде фристайлер болып пас бермей кететіні болмаса, а былай жақсы жігіт, жақсы журналист ))))
Айжан Карибаевамен танысуга келеды...
Arsik
0
0
"танысқым келеді" де))

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 нау. 2017 / 18:28
  • 14057
  • 46
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 нау. 2017 / 23:10
  • 6895
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 нау. 2017 / 14:20
  • 4709
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 нау. 2017 / 9:25
  • 4383
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 нау. 2017 / 14:59
  • 4550
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 нау. 2017 / 11:26
  • 3779
  • 31
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 нау. 2017 / 18:42
  • 4053
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу.

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу.

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 нау. 2017 / 17:50
  • 2862
  • 14
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 нау. 2017 / 0:18
  • 2916
  • 59