Егер көктемнің алғашқы мерекесінде анаңызды, жарыңызды не болмаса қонақтарыңызды жеңіл әрі пайдалы салатпен қуантқыңыз келсе, онда төмендегі рецептті жазып алуға асығыңыз.
Бұл салатты қыз-келіншектер ғана емес, ерлер де дайындай алады. Сондықтан теледидардың алдынан шықпайтын әдетіңізді қоя тұрып, әйелдер мерекесінде аз ғана уақытыңызды асханада сый дайындауға жұмсаңыз.
Көктемде адамға дәрумендерді қабылдау өте маңызды екенін білетін боларсыздар, ал бұл салат ағзаны авитаминоздан құтақаруы қажет.
Балық пен теңіз өнімдерінің пайдасы зор екені айтпаса да түсінікті. Соның ішінде ақсеркенің құрамында өте пайдалы нәрсе - мелатониннің мөлшері көп. Ол ағзаның жасаруына және дұрыс ұйқыны қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мидың жұмысын жақсартатын қасиеті де бар екен.
Зәйтүн ақуыз, фосфор, калий, темір және В, Е, С, Р дәрумендеріне өте бай. Ол асқазан-ішек ауруларының алдын алуға көмектесіп, асқазан жарасының пайда болуына бөгет болады.
Ал салат жапырақтары гастрит, бронхит, жүрек-тамыр ауруларының емін жазуға көмектеседі.
Салатқа қажет ингредиенттерді дайындап қояйық:
- қызыл балық (ақсерке)
- қызыл пияз
- салат жапырақтары
- зәйтүн
- лимон
Салат жапырақтары мен балықты, қызыл пиязды жіңішкелеп тураймыз.
Балықтың өзі майлы болғандықтан, оған майдың орнына лимон шырынын қосып, араластырамыз. Үстіне зәйтүнді әдемілеп қоямыз. Қалауыңыз бойынша салатқа қызанақ қосуыңызға болады.
Осымен салатымыз дайын. Асыңыз дәмді болсын!
Мерекелік салатты әзірлеген Айнұр Маемирова
__________________________________________________________________________
Банан балмұздағы
Банан мен шоколад коктейлі
Шоколад құймақтары