«БАТЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН КҮНІН АТАП ӨТТІ
10 қаңтар - ҚР Ұлттық ұланының құрылған күні. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы базасында осы мерекеге арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оған жеке құрам, мүдделі ұйымдар өкілдері, ардагерлер қатысты. Шараны ашқан «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтанов Отан қорғауда ата-бабаның ерлік дәстүрін жалғастырып келе жатқан Ұлттық ұлан жауынгерлеріне ізгі тілегін білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.