БАҒДАРЛАМА МАҚСАТЫ – БАСПАНАЛЫ БОЛУ
«Үйі бардың күйі бар» демекші, әркімнің өз баспанасы болса ғана тұрмысы жайлы болары сөзсіз. Бұл ретте, тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында елімізде «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы қанат қаққанын атап өткен жөн. Бүгінде мыңдаған қазақстандық аталмыш бағдарламаның шапағатын көріп, баспаналы болып үлгерді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасы өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша мән беріп, 2020 жылға дейін елімізде 69 050 шаршы метр тұрғын үй салынатынын айтқан болатын. Мемлекет басшысының бұл жағымды жаңалығы үйі жоқ тұрғындарға үкілі үміт сыйлаған еді. Осылайша, Елбасының салиқалы саясатының арқасында елімізде жыл сайын тұрғын үй құры…