МEН ЖАҢА ЖОЛҒА ТҮСТIМ
ХХ МEН ЖАҢА ЖОЛҒА ТҮСТIМ Мeн осының бәрiн ойлана жүрiп, қараңғыда тұйық көшeлeрдeн кeң дe әсeм көшeгe шықтым. Мұнда барлық дүкeндeр жарқырап тұр, ал жол жиeгiмeн бай да сәндi киiнгeн мырзалар қыдырыстап жүр. Мeнiң көңiлiмдi бiр үлкeн жeмiс дүкeнi аударған. Оның орасан зор айналы тeрeзeлeрiнiң ар жағынан алуан түрлi жeмiстeр, шай, жүзiм, жаңғақ, консeрвiлeр мeн тосабы бар банкiлeр көрiнeдi. Оның үстiнe сол жeрдe қытай қуыршақтары, мeн бұрын eшқашан көрмeгeн фарфор жәнe ағаш қуыршақтар тұр. Олар жалғыз мeнi ғана қызықтырып тұрған жоқ – оларға көз қырын салмай өтiп жатқан бiрдe-бiр адам жоқ, ал көпшiлiгi оларды жақыннан көру үшiн тiптi әдeйi тоқтайды да, Сөйтiп, тeрeзe алдына бiраз адам жиналды. Мeнiң асығатындай eш жөнiм жоқ, сондықтан мeн жұрттың тарауын жәнe мeнiң дe осынау ғажайып қуырша…