Перейти к содержимому
kaztrk_kz

Қазақстан Телеарнасы

@kaztrk_kz

На сайте с 14 ноября 2011 г.Казахстан, Астана

Бірінші отандық, Ұлттық телеарна - «Қазақстан» ҰТА 1958-жылғы наурыздың сегізінде ашылды. Қазіргі уақытта телеарна көрермендерді қамту жағынан алдыңғы қатарда тұр.

рейтинг

100

постов

1 279

комменты

1

подписчиков

28

подписок

0

«Дауа»

Жүрек ақауымен жарық дүние есігін ашқан сәбилердің болашағы қандай болмақ? Қоғамымыздағы өзекті мәселе және оны шешу мүмкіндіктері туралы сенбі, 29 маусым күні сағат 16.00-де Ұлттық арнадан «Дауа» телеемханасынан көріңіз.

0
0
154

Бокс.

«Қазақстан» Ұлттық арнасында кәсіпқой бокс. Геннадий Головкин мен Мэттью Мэклиннің чемпиондық атақ үшін жекпе-жегін Ұлттық арнадан 30 маусым күні сағат 9.00-де тамашалаңыз.

0
0
179

«Иман айнасы».

Халық арасында «Үй таңдама, көрші таңда» деген сөз бар. Қоңсы қонған көршіңмен қалай қарым-қатынас жасау керек? Бүгін сағат 19.05-те Ұлттық арнадан «Иман айнасы» бағдарламасынан көріңіз.

0
0
379

«Жиһанкез».

Біздің эрамыздан бұрынғы II мыңжылдықта эгей мәдениетінің аса маңызды орталығы болған Крит аралын аралағанға не жетсін, шіркін! Ал, грек қолөнершілерінің еңбектері қашан да жоғары бағаланады. 22 маусым, сенбі күні сағат 11.35-те Ұлттық арнадан «Жиһанкезді» тамашалаңыз!

0
0
157

«Умизуми командасы». Мультхикая (АҚШ, 2010-2011 жж.)

«Қазақстан» Ұлттық арнасында қиындыққа мойымайтын, дарындылардан құралған Умизуми командасы туралы мультхикая! Кішкентай көрермендерімізді сенбі және жексенбі күндері сағат 9.10-да көгілдір экран алдына шақырамыз!

0
0
316

«Поллок». Драма (АҚШ, 2000 ж.)

Фильмге қамшының сабындай қысқа ғұмырында сурет өнерінің абстракционизм ағымында үлкен төңкеріс жасаған американдық суретші Джек Поллоктың қиын да күрделі тағдыры арқау болған.

0
0
323