«Селтик» — «Шахтер» 3:0.
УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің ақтық сынында қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда Шотландия чемпионы «Селтикке» 0:3 есебімен жол берді. Сөйтіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне берілетін жолдама «Селтиктің» қанжығасына байланды. Бірінші тайм 1:0 есебімен шотландықтардың пайдасына аяқталды. Доптың авторы — Крис Коммонс. Үзілістен кейін Г. Самарас есепті еселеп, екі матч қорытындысы бойынша командалардың мүмкіндіктерін теңестірді. Матч аяқталуға санаулы минуттар қалғанда, жанкүйерлер қосымша жарты сағат футбол тамашалауға дайындалып жатқанда Форест «Селтик» сапындағы үшінші допты соғып, кәрі құрлықтың басты турнирінің келесі кезеңіне жолдаманы жұлып алды. Ал Еуропа лигасына өткен қарағандылықтар өз тарихында және жалпы еліміздің тарихында тұңғыш рет желтоқсанға дейін еурокубок…


