Сұрақ: Ғайбат ету дегеніміз не? Жауап: Белгілі (танитын) бір мұсылманның немесе зимми кәпірдің айыбын, оны жамандау үшін артынан сөйлеу ғайбат болады. Ғайбат ету харам болып табылады. Тыңдап отырған адам оны танымайтын болса, ғайбат болмайды. Ғайбат етілген адамның денесінде, тегінде, мінез-құлқында, жұмысында, сөзінде, дінінде, дүниесінде, киімінде, үйінде, тіпті жануарларында болған бір кемшілігі артынан айтылса, яғни ол адам бұны естіген жағдайда ренжитіндей сөз айтылған болса, ғайбат болады. Естігенде ренжитін сөзді бетіне айту да күнә болып табылады. Астарлап айту, ишарамен, әрекетпен білдіру, жазумен білдіру де сөзбен айту сияқты ғайбатқа жатады. Бір мұсылманның күнәсі және кемшілігі айтылғанда молдалардың, уағызшылардың «әлһамдулилләһ біз ондай емеспіз» деулері, ғайбаттың ең жаманы…