ТАҒАЙЫНДАУ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысы – Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы лауазымына Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев тағайындалды.Ғалым Сұлтанұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын «инженер-құрылысшы - технолог» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудың Ұлттық Жоғарғы Мектебін «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы жылу комбинатының жұмысшысы ретінде бастаған. 1993-1994 жылдары Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық әкімшілігінің жастар ісі, туризм…





