ҚАЗАҚСТАНДА ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КАРТАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Дүйсенбі, 12 тамыз күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен Ведомствоаралық кеңестің отырысында елдегі әлеуметтік жұмыстың басым бағыттарының өзекті мәселелері талқыланды.Жиналыс барысында көптеген отбасылардағы жағдайдың жақсаруы ретінде «Отбасылық әлеуметтік карта» жобасының жүзеге асырылуы талқыланды. Бұл жоба өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға әлеуметтік көмек пен жұмысты одан әрі ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдар ұсынатын автоматтандырылған деректер негізінде отбасының нақты мәртебесін дәл айқындауға мүмкіндік беруі тиіс.«Елбасы да, Президент те айтқандай, әлеуметтік қолдау және атаулы әлеуметтік көмекті оларға мұқтаж адамдар мен отбасылар алуы тиіс. Осы үшін де отбасының әлеуметтік жеке картасы жасалады», - деді ведомство бас…