ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Орал қалалық білім беру бөлімінің №19 ЖОББМ негізінде «Халықтар достығы» тақырыбында мектепшілік шара өткізілді. Шараның мақсаты оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу болып табылады. Іс-шара басталмас бұрын жоғары сынып оқушылары Департамент өткілі Е.Төлепқалиевті қырғыз, өзбек, корей, грузин, тәжік, орыс, украин ұлттық тағамдармен таныстырды. Кейін шаралар тәрбие сағатымен жалғасып, онда оқушылар әр түрлі ұлт тілінде сәлем беріп, "Халықтар достығы бірлікте", "Бірлігі жарасқан Тәуелсіз елім бар", "Ынтымақ-достық кепілі" тақырыптарында ұ…