ҮШТӨБЕДЕ СУРЕТШІЛЕР ЖИНАЛЫП, ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КӨРМЕ ӨТКІЗДІ
Жақында Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында бір топ суретшілер бас қосып, «Суретшілер жемқорлыққа қарсы» тақырыбымен көрме өткізді. Көрмені Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Үштөбе қаласындағы балалар шығармашылығы орталығының ұстазы Айнолла Абылханов ұйымдастырды.Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және Айнолла Қасенұлының зейнет жасына толуына байланысты ұйымдастырылған көрмеге ҚР Көркем академиясының вице-президенті, Қазақстан Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы, ҚР Мәдениет қайраткері Ермұхан Жүнісхан мен ЖМУ оқытушысы, профессор Жақан Баринбеков, ҚР Көркем академиясының корреспондент-мүшесі Айдар Асқаров, ҚР Суретшілер одағының мүшелері Советхан Қазиев, Марат Төтеев және белгілі мүсінші Ахат Манапов қатысты. Қылқаламнан шыққан «Жемқорсыз ел», «Нет коррупции», «Тамы…