Перейти к содержимому
akzhelken_atyrau

akzhelken_atyrau

На сайте с 12 февраля 2014 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

19

комменты

1

подписчиков

0

подписок

0

ХАЛЫҚТЫҚ ҰЯ, ҰРПАҚҚА МҰРА

Қазақ елінің тұрмысына, қазақ жерінің табиғатына сай етіп жасалған тамашаның бірі – киіз үй. Көшпенді бабаларымыз малының өрісі, елінің қонысы үшін тау баурайларын, дала төскейлерін, өзен – көл жағаларын жаз жайлап, күз күздеп, тіпті қос қабат қалың киізден туырлық жауып қыс қыстаған бұрынғы кезден күні кешеге дейін қазақ қолөнерінің сәні, қазақ өмірінің мәні киіз үйден көрініп тұратын. Қазақтың тұрмысына, тіршілігіне қажеттің бәрі киіз үйдің төңірегіне топталып, киіз үйдің ішінен таралып жататын. Осы кезде өмірге жаңалық мол еніп, заман озғаны рас. Ал киіз үйдің еш қажетсіз болып қалғаны рас па? Тал бесікте тербелген, тәй басқан сәбилік, тай мінген балалық шақтарын киіз үйдің ішінде, қыр қазағының ортасында өткізген біз қатарлы адамдарға оның елеусіз, ескерусіз қалғаны тек өзіміздің өтке…

0
0
650

ӨРІМШІ ЕСБОЛАЙ

Өркен ауылында тұрады ұрынғы қазақтардың қолынан қамшы түспейтін. Ал үйде отырған кезде керегенің басында, көгінде, уық, қырында, сыртқы дөдеге мен белдеуде немесе ашада қыстырулы тұратын. Қарбалас кезде жабық, киіз-сырмақ астында, тіпті тізесі астында жататын. Өмір талабына орай әркімнің қамшысы өзі қойған жерінде болуға тиісті. Қамшы - ат-көлік, мал айдауға арналған жабдық. Қамшы сондай-ақ қорғануға, қарсыласын алып жығуға арналған суық қару. Мал шаруашылығыямен айналысқан көшпелі қазақтардың баладан бастап, еңкейген кәріге дейін ат-көлік мінетін ер-әйел түгелімен қамшы ұстайтын. Әркімнің өзіне лайық, өзіне тән қамшылары болған. Сөз сұрар болса, қамшы тастайтын. Сонау замандарда қамшыгер-лік мамандақ болып саналған. Аяқ астынан ұмтылған ит пен қасқырды, бура, айғыр, бұқаларды қамшымен ұ…

0
0
1514

ҚАЗАҚ ТІЛІ: ЕЛДІҢ ШЕТІНДЕ, ЖЕЛДІҢ ӨТІНДЕ ҚАЛМАСЫН

«Көкіректегі көркем ойдың,ауыздан шыққан соң әрі қашады» демекші, аудандағы қос бірдей әлеуетті- мәдениет және тілдерді дамыту мен білім беру бөлімдері, округтер әкімдері мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық ұйымы, редакциямен біріге отырып Тілдер күні қарсаңында ұйымдастырған дәстүрлі онкүндігі осы жолы «Қазақ тілі-ұлттық рухтың негізі,елдігіміздің тұғыры» тақырыбында ұйымдастырылғанымен оның іске асырылуы әр округте түрлі деңгейде болып шықты. Барлығы да белсенділікке байланысты Алдын ала жіберілген нұсқаулықта бұл акцияның мақсаты осы саладағы арнайы бағдарламаның іске асырылуы мен мемлекеттік тілдің қолданысы деңгейін зерделеу екендігі анық көрсетілгенімен біз барған Көктоғай, Өрлік, Есбол, Елтай, Жарсуат, Бөденедегі шараларға қатынасушылардың белсенділігі діттеген жерден көрі…

0
0
517

АЙТПАҒЫМ ЖЕТСЕ БОЛДЫ ЖҮРЕКТЕРГЕ

«Туған жер,сенде өсіп, сенен ұштық» деп ақын жырлағанындай, бүгінде Ақтөбе өңіріне танымал өнерпаз, сазгер болып танылған, «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнер қайраткері» Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаевтың Индер өңіріне өзі басқаратын ұжымын таныстырып, шығармашылық есебін беру бір арманы болып жүргендігін еститінбіз. Міне, сол бір перзенттік шуақты ойды осы қоңыр күздің қыркүйегінде іске асырудың сәті түсті. Концертке дейін. Талай концерттерде болып, талай сахналардың төрінде көрермендерінің қошеметіне бөленген Қайырғали ағамызды «Борат» мәдениет үйінің бір бөлмесінде толқулы сәтінде оңашада кезіктірдік. -Аға, концерттің бағдарламасын «Елге тағзым» деп атаған екенсіз, мұның мәнісін түсінгендейміз, бірақ өзіңіз не айтар едіңіз осы ретте?-деп өнерлі жанды сөзге тарттық. Дирижерлі…

0
0
1154