МЕН ЖОҒАЛЫП КЕТКЕНІМ ЖОҚ ПА???
Құрметті достар!!! Болашақ университетінің педагогика факультетінің деканы әлі бұл блокта. Жоғалып кеттіңіз деп ойламыңыздар!!! блокты үнемі оқып тұрамын
@Murat_Nasimov
ПРОСТОЙ ЧЕЛОВЕК
рейтинг
100
постов
119
комменты
44
подписчиков
14
подписок
9
рейтинг
100
постов
119
комменты
44
подписчиков
14
подписок
9
Құрметті достар!!! Болашақ университетінің педагогика факультетінің деканы әлі бұл блокта. Жоғалып кеттіңіз деп ойламыңыздар!!! блокты үнемі оқып тұрамын

Құрметті қазақстандықтар!!! "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ: 20 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХИ БЕЛЕС" атты айдар бойынша жүргізілген пост-жазбалар оқу құралы болып "Болашақ" университеті Ғылыми Кеңесінің шешімімен баспадан шықты. Алматыдан басылған кітап міне бүгін қолыма тиді!!!
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖӘНЕ 1999 ЖЫЛҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ 1999 жылдың 10 қаңтарында елімізде Президент сайлауы өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті болып 81,71 % дауыс алған Н.Ә. Назарбаев қайта сайланды. Жалпы 1990 жылдың сәуірінде Елбасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында сайланып, алғаш рет Президенттік институт қалыптасқан болатын. Бірінші сайлау 1991 жылдың 1 желтоқсанында баламасыз түрде өтті. Сондықтан бірінші баламалы, бәсекелестік орнаған сайлау осы жылы өткізілді. 1999 жылы Қазақстан Республикасы ғасыр тоғысындағы дәуірдің тағы бір сын сәтінде тұрды. Қоғам дамуы мен мемлекет өркендеуінің ең басты мәні де, ең маңызды сипаты да Президентті қалап, таңдауымен тиянақталады. Бұл бір адамға ғана қатысты мәселе бола алмайды, ол әркім өз тағдырын кімнің, қандай саяси қайраткер тұлғаға сенім тапсы…
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) – қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Қазақ ойшылы, этнографы, тарихшысы, географы, ғұлама ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен қоғамдық көзқарастары бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпайды. Оның «Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка», «Жоңғария очерктері» атты мақалалары халқымыздың қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайды. Мәселен, «Абылай» мақаласында Шоқан даңқты ханның өмір жолына шолу жасайды. Сол заманның қазақтар үшін ерлік дәуірі екендігін айқындайды. Ханның көптеген басшылық сынынан өтіп, жау қолында тұтқында болған кезеңдері туралы айтады. Оның түбі терең болжағыш саясаткер екені анықтала…
"Болашақ" университетінде өткізілген іс-шаралар жөніндегі ғаламтор материалдары Біздің елімізде тілден басқаның бәрі түзелді: Жуырда ғана аталып өткен тіл мерекесі күні елімізде көптеген іс-шаралар мен келелі жиындар өткізілді. Бұл тұрғыда Сыр өңірінде де айтулы шаралар жүргізілді. Соның бірі Қызылорда қаласындағы “Болашақ” университетінде болған студенттердің тағылымды кеші бәрімізге ой салды. Осы кеште де мемлекеттік тілдің мәртебесі асқақтады. Түрлі ұлт өкілдері бас қосқан жиын қазақы бояумен өріліп ғана қоймай, осы оқу орнында білімін шыңдап жатқан түрлі ұлт өкілдері түгелдей қазақша сөйлеп, төл тілімізді мерейлі тұғырына қондырғандай болды. Тіпті өзге ұлт жастары қазақ тілінде ән айтып, би билеп, ұлттық өнерімізді де ұлықтады. Ұлтына, тіліне жанашыр болған жастардың бұл әрекеті бәзбі…
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ 1998 ЖЫЛ Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жарияланған 1998 жыл Қазақстан тарихының дамуына зор үлес қосты. Мәселен, осы жыл аясында «Қазақтар-Казахи» атты 9 томдық қазақша-орысша энциклопедия, «Қазақ мәдениетінің 3 томдық энциклопедиясы», «Қожа-Ахмет Ясауидің» қазақ тілінде «Хикметтері» жарық көрді. Сонымен бірге «Қазақстан – қара шаңырағымыз», «Қазақстан тарихы: зерттеулер мен құжаттар», «Қазақстан тарихы: әдеби хроника, «Қазақстан этностары» атты айдармен қырыққа жуық кітаптар шығарылды (Қараңыз: Мұхамедов М., Сырымбетұлы Б. Тәуелсіздіктің он сегіз жылы. - Астана: Сары-арқа, 2009.). Осы жылы Қазақстанда зейнеткерлік реформа бастау алды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында алғаш зейнеткерлік реформаны бастаған еліміз чилилік зейнеткерлік жүйені басты наз…
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢ 1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы» Заңы қабылданды. Мемлекет бейнесінің қабылдануын түсіну үшін ең алдымен билік пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарды айқындау қажет. Биліктегі азаматтардың тұлғалық имиджінің бағалануы олардың халықпен жақындығымен өзара байланысты. Бұқаралық сананың биліктің тиімді қызметін бағалауы имидждің сипаттамалық белгісінің бір бөлігі болып табылады. Билік бейнесі мен сыбайлас жемқорлық мәселесі де мемлекет имиджінің құрамдас бір бөлігі. Сыбайлас жемқорлық барлық адами және қоғам құндылықтарының даму үдерісіне кедергі жасайтын дерт екендігі белгілі. Бүгінгі күні қоғамымызда кездесетін теріс жағдаймен тек құқық қорғау орындары ғана емес, ел болып күресу қаже…
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АСТАНА

1998 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Астана қаласының Халықаралық тұсаукесері өтті. Жалпы Қазақстанның жаңа астанасы тарихында 1998 жыл үш оқиғамен ерекшеленді: бұл халықаралық тұсаукесер, қала атауының өзгеруі және жаңа мәртебенің республика деңгейінде бірінші мерекелік аталып өтілуі. Осы кезеңде жаңа орынға көшкен билік орындарына жаңа ғимараттар мен офистер салына бастады. Тұсаукесерге дайын болған Елордамыздың бүгінгі келбеті әлемдік қауымдастықты таң қалдырып отырғаны анық.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ СПЕКА 1998 жылдың 26 наурызында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ташкент қаласында өткен Орта Азия мемлекет басшылары саммитіне қатысты. Кездесу нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің басшылары, Еуропалық Экономикалық Комиссия (ЕЭК) мен Азия мен Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) хатшылары Орта Азия экономикасына арналған арнайы бағдарлама туралы Ташкенттік декларацияны (СПЕКА) қабылдады. Бұл бағдарламаға Түрікменстан 1998 жылдың қыркүйегінде қосылды. Қазіргі әлемдегі Еуразия маңызды халықаралық оқиғалар дамып жатқан және әлемдік табиғат ресурстары шоғырланған аймақ. Құрлықта түрлі аймақтық орталықтардың қалыптасу процесі жүріп жатқанын барлығымыз білеміз. Бұлардың қатарына Еуропалық Одақ (ЕС), Азия-Тынық мұхиты экономикал…
Қадірлі әлеумет!!! Бүгін блогта жүргеніме тура 3 ай болыпты. Жұмыс бабымен жүргендіктен ба, тұрақты айдарларымды, әсіресе 20 жылдыққа арналған хроникалық оқиғаларды уақытылы жазуға қиындық туып жүргенін жасырмаймын. Әрине, блог жүргізу қимылдарын мойынға алған соң, оны сәтті жүргізу қажет. Бірақ, кері байланыс қиындығы орын алып жүргенін де айта кеткенді жөн санаймын. Мұның себептерін айтатын жандар бар ма екен???