Астана мен «Ла Скала»
Егемен Қазақстан, 01.01.2014 Биыл елорда күні құрметіне Миланның «Ла Скала» театры келіп өнер көрсетеді деп күтілуде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры алдағы үш жылда атқарылатын іс-шараларды нақтылады. Соның ішіндегі ең бір елеулі оқиға – аты аңызға айналған «Ла Скала» театрының Астана күніне орай гастрольдік сапармен келіп, 30-маусым мен 4-шілде аралығында елордалық көрерменге «Дон Кихот» балет-спектаклін ұсынатындығы. Айтулы өнер ордасы өзінің 2015-2016 жылға дейінгі іс-жоспарын алдын-ала шегелеп қойғанына қарамастан, Қазақстанға өнер сапарымен келуге барынша ниет білдіріп отыр. Осыған байланысты «Астана Опера» театры қазірдің өзінде «Biletbar.kz» операторы арқылы билет сатудың электрондық жүйесін іске қосып үлгерді. Бір айта кетерлігі, касса арқылы сатып алынатын биле…











