Ауылдарға жақсы дәрігерлерді қалай тартуға болады
Атырау облысында 2024 жылы төрт медициналық нысан пайдалануға берілді – олар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды. Жыл соңына дейін тағы 12 медициналық нысан салынып, келушілерді қабылдайды. Келесі жылы тағы екі медициналық мекеме ашылады. Аталмыш республикалық жобадан бөлек, биыл жергілікті бюджет есебінен жеті нысан пайдалануға берілді, деді облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Мұның барлығы облыстағы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, облыс орталығынан шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін қолжетімділікті кеңейтеді.Білікті кадр тапшылығына байланысты облыста облысқа дәрігерлерді тарту мақсатында бірқатар ынталандыру шаралары қолданылуда. Осылайша, біржолғы үст…