Жас талапкер назарына!
Аз ғана уақыттан соң талапкерлер болашақ мамандықтарын таңдап, маңызды шешім қабылдайды. Жоғарғы оқу орнына түсіп, студент өз ісінің білікті маманы болуға көп күш жұмсайды. Жоғарғы оқу орнын бүгіннен бастап таңдай бастаған жөн. Осыған орай Жастар бастамаларындамыту орталығының ұйымдастыруымен 1 ақпан күні Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, тарихи-мәдени мұра және туризм кафедрасының меңгерушісі Труевцева Ольга Николаевнамен кездесу өтті. Жоғарғы оқу орны бүгінгі таңда 6 факультетті қамтиды. Солардың бірі лингвистика факультеті. Бірнеше тілдерді меңгеріп қана қоймай, студенттер қытай тілінде тәжірибеден өтеді. Сондай – ақ университет өкілі психология және педагогика, филология, физика- математика факультеттерінің белсеңді жұмыстары…



