ТҮРІК РИВЬЕРАСЫ КҮН, ҚҰМ, ЖАҒАЖАЙЫМЕН ТАРТЫМДЫ
Ел іші мен шекара сыртынан жыл сайын миллиондаған туристің сүйікті мекеніне айналған Жерорта теңізінің аймағы жағажай, құм және Күнімен ғана емес, салт-дәстүрімен, тамырын тереңге тартқан тарихымен, мәдениетімен тартымды.Келушілерге демалыспен қатар түрлі шара ұсынатын Түрік ривьерасы саяхаттың саналуан қырын меңгерген. Жерорта теңізі дегенде ең алдымен Анталья келеді көз алдына. Өзінің 229 жағажайымен, тарихи мекендерімен, тіл үйіретін тағамдарымен, Жұмаққа айналған табиғатымен, спорттық шараларымен орны бөлек Антальяны тұрақты демалыс орнына айналдырғандар көп. Туристерді баурап алған Караин, Дамлаташ, Дим орналасқан жерлердің сұлулығы таңдай қақтырады. Анталья маңында әлемдегі ең керемет жаяу жүргінші жолы бар. Мысалы, Писидияның мирас соқпағы, Ликия соқпағы, қасиетті Павл жолы. Анталь…