Бауыржан Байбек поздравил с Днем Столицы
Биылғы бұл мерекенің орны да, жөні де бөлек. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 80 жасқа толу мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.Қазақ елінің Тәуелсіз даму кезеңіне тыңнан жол салған Нұрсұлтан Назарбаевтың істері үлгіге, өмір жолы өнегеге толы. Оны екі ауыз сөзбен тізбелеп шығу тіпті де мүмкін емес. Мен бүгін солардың ішінен ең негізгі, ел ертеңіне мәңгілік қызмет ететін жеті тарихи ісін бөліп атағым келеді.– Елбасы – Тәуелсіздіктің ту ұстаушысы болып, жаңа, азат Қазақстанның негізін қалады.– Елдің шекарасын шегендеп, бекемдеді, төрткүл дүниеге танытып, мемлекетімізді алпауыт елдерге мойындатты.– Ел астанасын Алатаудан Арқаға көшіріп, Есіл бойында еңселі елорда тұрғызды.– Ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жауып, Қазақстанды бейбітсүгіш елдер…