Қызылорда облысында 8 мектеп ашылды
Бір күнде Сыр өңірінің 5 бірдей ауданы мен Қызылорда қаласында 8 білім ордасы мен 1 балабақша пайдалануға берілді. Тағы үш мектеп қыркүйек айына дейін ашылады деп жоспарлануда. Білім нысандарының ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов және облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты, деп аймақ әкімдігінен хабарлады. Алдағы оқу жылында 5 мыңнан астам бала алғаш рет жаңа мектеп табалдырығын аттамақ. Балалардың қуанышына ортақтаса келген еліміздің бас педагогі Аслан Сәрінжіпов аймақтағы жаңа мектептердің ашылу салтанатына қатысты. Арал ауданының Жіңішкеқұм, Қосаман және Жаңақұрылыс ауылдарында бірдей үш мектеп ашылса, тағы бір мектеп пен балабақшаны қыркүйек айына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қазалының Аранды, Сарыбұлақ елдімекендерінде 100 орындық…