Үлкен ел – Үлкен отбасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай - Департамент) Алматы қаласының орталық мәдениет және демалыс саяжайында Қазақстан халықтары Ассамблеясының мерейтойы және Кореяның азат етілуінің 70 жылдығына арналған «Бір шаңырақтың астында» фестивалі шеңберінде Алматы қаласы Қазақстан халықтарының Ассамблеясымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Бұл іс-шараға шамамен 1000 адам, олардың арасында этномәдени бірлестіктердің, шығармашылық ұжымдардың өкілдері, жастар, БАҚ, сондай-ақ, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты. Департамент қызметке…
