ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ОТЫРЫС ӨТТІ.
Отырысқа Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты 4 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Отырыс барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектептердің атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.
"Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушыларына "Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады" тақыбырында аудандық үздік эссе байқауына оқушылардың жұмыстары жіберілді. 16 қараша күні барлық сынып жетекшілер "Біз өз мәселелеріміз туралы" атты тақырыпта сынып сағаттарын өткізді. Мектеп психологы Дина Абилгереева 11 сынып оқушыларына "Менің эмоцияларым" тақырыбында оқушыларға тренинг өткізді. Кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгез қарау және Зорлық-зомбылық мәселелері бойынша сенім телефоны жұмыс істейді. Сонымен қатар күзгі демалыс кезінде 13-15 қараша күндері түнгі мезгілде беймезгіл көшеде жүрген оқушыларды анықтау мақсатында мектеп мұғалімдерімен рейд шарасы ұйымдастырылды" – деді Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алекеева

А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарған жұмысы жөнінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Темірханова "Зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас орнатуға бағыт беру мақсатында ата-аналар тобына "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" атты қашықтан бейнероликтер ұсынылды. Мектеп психологы С.Адиетова 5-6 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысуымен "Отбасындағы зорлық-зомбылықтың, қатігездіктің алдын алу" тренингін өткізді. "Бала құқығы – адам құқығы" айлығы бойынша "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында 2-5 сынып арасында сынып сағаты өткізілді. Одан бөлек, "Бала құқығы" тақырыбында пікірталас өтті. Пікірталас мектеп парламентінің мүшелері мен "Жас ұлан" ұйымының мүшелері екі топқа бөлініп, ZOOM платформасы арқылы өткен болатын. Алдағы уақытта зорлық-зомбылыққа байланысты жұмыстар жалғасын табады" - деді.

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінде атқарып жатқан жұмыс туралы М.Нуртлеуова "Зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда, соның ішінде "Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құтқаруға болады" тақыбырында эссе жазу, 7-11 сынып қыздарына "Қыз баланың бой жетуі" тақырыбында аудандық білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық маманы А.Көкеева мен аудандық білім бөлімінің психолог педагогы Н.Көкебаевамен қашықтан қыздар арасында жиналыс өткізді. 12 қараша күні "Жан жылуы" психология кабинетінде "Ашық есік" тақырыбында шара ұйымдастырылды. Ашық есік шарасында "жердегі уақыт" терапиясы өтті. Одан бөлек, "жайлылықты сезін" жаттығуы және психологиялық сұхбат алынды. Сондай-ақ, шара барысында "Көңіл-күйіңді көтеріп, қуана біл!" тақырыбында жадынамалар таратылып, сауалнамалар алды. Жас педагог О.Күмісбай мен мектеп психологы М.Елеусинованың дайындаумен арнайы "Үш сауал" айдары мен жоба жасақталып, "Ұялы телефон және оның қауіпсіздігі" тақырыбында бейнеролик түсірілді" - деді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Нуртлеуова
Отырыс соңында Түпқараған аудандық білім жүйесін дамыту орталығының тәрбие жөніндегі әдіскері Г.Жұбаназарова жалпы аудан бойынша мектептердің зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы қарқынды жүріп жатқанын және алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасын табатынын айтты.
