"ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОК!" АКЦИЯСЫ
"ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОК!" АКЦИЯСЫ
16 күн зорлық-зомбылыққа жол жоқ" акциясы аясында 15 орта мектебінде кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектеп инспекторы полиция аға лейтенанты Джакиев Досым Құралұлы мектеп әкімшілігін акция барысымен таныстырды. Сонымен қатар отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық көмек көрсету, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынастың және басқа да құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу үшін "111 шұғыл қызметі" байланыс орталығы іске қосылғанын айтып өтті.

