"Zoom" платформасында онлайн кездесу
Алдымен партияның негізгі жұмыс бағытын, жоспарға қойған жобаларын, дамытуға басымдық берілген бағыттарын баяндай келе, қызметкерлердің мәселелерін тыңдады.
Кездесу барысында интернетте дауыс беру мүмкіндігі, сайлау учаскелерін онлайн қарау, шағын аудандарда балалар мен спорт алаңдарын салу, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру, жол қауіпсіздігі мәселелерін жақсарту (бағдаршам, жаяу жүргіншілерге жарық беру және т.б.), партиялық бағдарламалардың іске асырылуын онлайн-бақылау, қаланың бас жоспарын қайта қарау, әсіресе қаланың жағалау бөлігінде құрылыс салуға тыйым салу бойынша сұрақтар қойылды. Өз кезегінде халық қалаулысына үміткер азамат, көтерілген мәселелерді назарға алып, ұсыныс енгізіп, шешімді жолдарын қарастыруға ниетті екенін жеткізді.
