Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Зомбиаппокалипсис басталса...

“Зо́мби мифический персонаж современной современной массовой культуры. Под зомби понимается, как правило, либо оживлённый фантастическим образом труп, либо живой человек, полностью потерявший контроль над собой и своим телом или подчиняющийся чьим-то приказам. .. Происхождение самого понятия «зомби» остаётся до конца неясным...”

Википедиядан үзінді

 

 

The Walking Dead атты сериалдың төртінші сезонының басталуына орай, мәліметтеріме сүйенсем премьерасы қазан айының 13 жулдызына қойылған, осындай «көңілді», зомбилер туралы постымды ұсынып отырмын ^_^

....

Статистикадан кішкене ғана:

Әйтеуір Британия ғалымдары ешқашан шаршамайды екен -_-. Төмендегі картадан сіздер Оксфорд университетінің “zombies” деген гуглға берілген салау бойынша зерттеуді көре аласыз. Қазақстан мен Ресей сұр болып тұр, неге десек, өйткені біздер “zombies” емес, «зомби» немесе "зомбилер" деп гуглдан іздейміз -_- Картаға қарасақ зомби іздейтін адамдар Батыс Еуропа мен АҚШ-та өте көп еке -_-

...

Зомбиаппокалипсис деген ақыр заман концепцияся халықта өте таралған және де бұл сонау 2012 жылғы ақыр заманның варианты ретінде қарастырылған сияқты. Бірақ зомби терминінің анықтамасына қарасақ – ол ойдан шығарылған нәрсе, яғни біздің объективті шынайлықта мүмкін емес. Сондықтан сабыр сақтаңыз ^_^, метеориттің біздің планетамызға соғылып, ақыр заман басталатын теорияның мүмкіндігі оған қарағанда тым жоғары...

...

Бірақ бәрі де мүмкін ғой, сондықтан сіздерге мынандай оміріңізді сақтап қалатын нұсқау жазғанмын:

  1. Сыртқы келбетіңізді жөндеу керек: шашыңызды алып, слимфит деген киімді киіңіз. Егер зомби сізді шаш немесе киім арқылы ұстап, тістесе – ренішті болатыны анық ^_^.
  2. Жейтін және ішетін нәрселерді дайындап қойыңыз: сіз зомби емессіз, тамақ пен су сізге қажет.
  3. Әрқашан да сақ болыңыз. Өткен жақсы, бейбітшілікке толы уақытты умытыңыз. Қатал жумыс күндері басталды.
  4. Әркімге көмектеспеңіз. Әсіресе адамның бет көрінісі түсініксіз болсы, өз-өзімен бірдене мыжып тұрса – одан аулақ болыңыз. Одан да профилактика жасап, басын жарып жіберіңіз ^_^. Айтпесе ол сізді жеп қоятының немесе тістеп алатының мүмкіндігі өте жоғары.
  5. Өзіңізге қару-жарақ тауып алыңыз. Пистолет па, самурай қылышы ма – бәрі жарайды. Қару-жарақ таңдау туралы З.Ы.-дан қараңыздар.
  6. Психология жағынан өз-өзіңізді дайындаңыз.Ең бастысы, қорықпаңыз. Білем, мүмкін, кезінде таныс адамның басын шауып немесе атып тастау қиын, бірақ омір сондай енді.-_-
  7. Басқа адамдарды тауып, 4-5 адам тобын жинау – өте дұрыс нәрсе. Бірақ одан көп болуды ұсынымдамаймын, өйткені мәселе көп болып кетеді.
  8. Алматы сияқты үлкен қаладан қашу жөн. Ашық, әрі адам көп тұрмаған жерді табыңыз. Бункер немесе су арасындағы арал болса – тым жақсы.

....

Келесі бірнеше жағымды және онша жағымды емес нәрселер тізіміне дайын болыңыз:

  1. Зомби - ет сілікпесінен кішкене ғана қаттырақ болғанымен, өте және өте мықты.
  2. Сіздің тобыңызда екі қабат әйел болады. Оның өлімі өте мүмкін. Егер афробіреу болса, оның да өлімі ғажайып нәрсе болмасын.
  3. Ең басты нәрсе – пистолетті қолға алу және, о, ғажайып, 10 жасар бала да, пистолетті өмірінде ұстап көрмеген әйел де, снайперден кем емес көрсеткішке жете алады. Тек қана басқа ату, ешбір мүлт жүберусіз.
  4. Егер біреуді зомби тістеп алса – ол адамды өлтіру керектігі анық. Бірақ гуманизм көрсетіп, өз-өзін атып тастауына мүмкіндік беріңіз.
  5. Егер өльген адамның қасынан өтіп жатсаңыз, біріншіден оның басын жарып жіберу керек. Айтпесе 100 пайыз – ол сізді тістеп алады. Қаншама рет болған нәрсе^_^-_-
  6. Басқа, сізбен соғысып жүретін адамдар тобы міндетті түрде пайда болады
  7. Бір-бірден жүрмеңіз. Дәретханаға да 2-3 болып бару керек.
  8. Егер бір нәрсені умытып кетсеңіз – артқа оралмаңыз...
  9. Зомби бірінші кезде қарағанда, өте баяу боп көрінеді. Шынында да олар өте шапшаң. Егер олардан жүгіріп қашқанда құлап қалсаңыз, бітті, олардың астарына айналатыныңызға дайын болыңыз.
 

....

Міне, зомбиаппокалипсис болып қалса – менің қысқаша өмір сақтау нұсқауым осымен бітеді.

....

Walking Dead, 4 сезонының басталуын күтудеміз ^_^

….

З.Ы.: Түсіндіруге уақыт жоқ, қару жарақты таңдаймыз:

....

If you have something to add, please, you are welcome

Еще по теме

Зомбиаппокалипсис басталса... - Yvision.kz