Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін түстен кейін «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин мен Ойыл аудандық маслихаты депутаттығына үміткерлер аудандағы зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу кезінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында түсінік жұмыстарын жүргізілді. Толығырақ тарқатсақ, кездесуде «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин «Nur Otan» париясының аудандағы филиалының атқарып жатқан жұмыстарына кеңірек тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Яғни, аудандағы әр саланың даму көрсеткішінде жасалған жұмыстарды толықтай қамтыды. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы алдағы бесжылдықта атқарылатын жоспарына тоқтала кетсек, жыл сайын 550 тұрақты жұмыс орындарын ашып, мал бордақылау алаңдарының санын көбейтіп, суармалы егісті дамыту. Мәселен бүгінді ауданды көгілдір отынмен қамту 9% құраса, оны 2025 жылы 50%-ға жеткізу. Сондай-ақ, жолдарды асфальттау, қатқылдандыру жұмыстарын 91 % жеткізуді көздейді. Ауыз су мәселесі бойынша барлық елді мекендерді толықтай таза ауыз сумен қамту шешімін таппақ. Әрі қарай жалғасақ, Исатай Берғалиев елімізде партия тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көптігін жан-жақты айтып өтті. Келесі кезекте, Сансызбай Нұржанов «Nur Otan» партиясы рухани жаңғыру және «Рухани жаңғыру» ұлттық санасын жаңарту идеясын қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді қолдайтынын жеткізсе, білім беру сапасын арттыру үшін «Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттерімен таныстырып ғана қоймай «Аудандық барлық орта және негізгі мектептерін химия, физика, биология пәндерінің жаңа буынды кабинеттерін кезең-кезеңімен толық жиынтықталған жабдықтармен қамту арқылы еліміздегі өнеркәсіп саласын дамытуға мектеп кезінен даярлау керек.», - дейді Авзал Майқанов. Кездесу соңында бірқатар зиялы қауым өкілдері өзара пікір алмасып, «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын жеткізді.

0
0
129

Еще по теме

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz