Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудандық мәслихат депуттаттығына үміткерлер Еркін Жиеналин, Абзал Майканов, Айбек Базылович, Медет Кулмуханов, Бақыт Ескалиева ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу кезінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында түсінік жұмыстарын жүргізілді. Толығырақ тарқатсақ, кездесуде «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин «Nur Otan» париясының аудандағы филиалының атқарып жатқан жұмыстарына кеңірек тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Яғни, аудандағы әр саланың даму көрсеткішінде жасалған жұмыстарды толықтай қамтыды. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы алдағы бесжылдықта атқарылатын жоспарына тоқтала кетсек, жыл сайын 550 тұрақты жұмыс орындарын ашып, мал бордақылау алаңдарының санын көбейтіп, суармалы егісті дамыту. Мәселен бүгінді ауданды көгілдір отынмен қамту 9% құраса, оны 2025 жылы 50%-ға жеткізу. Сондай-ақ, жолдарды асфальттау, қатқылдандыру жұмыстарын 91 % жеткізуді көздейді. Ауыз су мәселесі бойынша барлық елді мекендерді толықтай таза ауыз сумен қамту шешімін таппақ.

0
0
124

Еще по теме

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz