ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ПАРТИЯҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕТІН БОЛДЫ
Бүгін «QAZAQ» ИП директоры – І.Мамбетов аудандық штабта өз-өзім жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлермен ауданның өзекті мәселелері тақырыбын қозғады. Сонымен қатар, партияның 2020-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кәсіптің: энергетика, жүк тасымалы, ойын-сауық орталықтары, аяқ киім, тігінші, т.б. салаларының мамандары қатысты. Штабта жиналған кәсіпкерлер өз салалары бойынша ауданда атқарып келе жатқан жұмыстарымен бөлісті. Одан бөлек 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін дауыс беру күнінде партияны қолдайтындарын білдірді.
