«Жырласа, жастар жырласын»
Кеше «Жас Отан» Жастар қанатының БҚО филиалының қолдауымен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ұйымдастыруымен алғашқы облыстық студент-жастар арасында өткізілген "Жырласа, жастар жырласын" атты аламан айтыстың финалы болып өтті. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған финалдық кезеңде жүйріктердің қарсыластары облысымызға, қала берді республикамызға танымал айтыскер ақындар болды.
Финалға шыққан үздік төрттік Мұрадым Мирланов, Эльдар Ихсанов, Айнабек Бисенғалиев, Талғат Мықи сынды мықтылармен сөз жарыстырды.
"Жырласа, жастар жырласын" атты облыстық студент-жастар айтысының қорытындысы бойынша:
БАС ЖҮЛДЕ /50000 теңге/ ЖАРҚЫНБЕК ШЫНТАЕВ
I орын - ОРЫНБЕК МЕҢДІҚҰЛОВ (плазмалық теледидар)
II орын - АЗАМАТ БАЗАРБАЕВ (планшет)
III орын - ЕСТЕМІС ӨТЕМIСҰЛЫ (Қысқатолқынды пеш)





