Жырларлар — жауһарлар
Биыл мемлекеттік рәміздердер күнінің 25 жылдығына орай елорданың талантты жастары тарапынан жазылған жыр жауһарларын оқырмандарымызға ұсынамыз.
Құшағымда Қазақстан Отаным
Сенде тудым, сенде өстім, ботаңмын
Тариxыңда тұнған түрлі тартыстар
Өзімізге сонау шақта болған мұң
Бүгін біздер азат елміз тәуелсіз
Алыптардың алыбында бар елміз
Ән мен жыры таусылмаған жайдары
Кен, мұнайға тарылмаған бал елміз
Ғасырлардан тариx жолы аңсаған
Егеменді еліме мен тамсанам
Жиырма бес жыл салған азат жолымыз
Өзгеше де, ерекше де басқадан
Көк аспан мен күннің нұрын ту ғылып
Қыран құстай намыс бермей жұлқынып
Ойлы ою дәстүрінен сыр берген
Біздің тудың орны ерекше шын биік
Шаңырақ пен қанатты ат киелі
Шайқалмаған жұртымыздың күйі еді
Еркіндік пен бейбітшілік бейнелі
Мағынасы Елтаңбаның сый еді
Әр қазақтың жаны терең жыр тұнған
Туған жерім десе жүрек бұлқынған
Сазы ерекше, мәні бөлек дүние
Намыс берген, жігер берген Әнұран
Арманым жоқ өмір өтсе жыр қылып
Рәміздері қазақ елі құндылық
Мәңгі алаула жастарымның жалыны
Құтты болсын, бұл мереке ұлылық!
Қармақбаева Рыскүл Айнабекқызы
«Тұран-Астана» университетінің студенті
Жүрегім - Қазақ!!!
Жұмаға кеп жанарға жас үйетін,
Тек сəждеге құл болып бас иетін!
Ар - намыстан жаралған əр бүршігі,
Қара нардай, Қазағым - Қасиетім!
Қорған қылып Тəңірдің тас тақтасын,
Ұзақ болсын ғұмырын, қас - қақпасын!
Алты Алаштың айбынды асқақ аты,
Алты құрлық алдында асқақтасын.
Көңілдерді көмкерген көркем көшін,
Төбемізден қара бұлт шер төнбесін.
Төрт құбылам тең болып,
Қазақстан,
Төрткүл дүние төріңде өркендесін!
Өкіндірер өзектен өтпей сынақ,
Торласа...
бұлт торласын көк кейпін ақ!
Байрағымыз астасса күнмен қатар,
Екі елі төбем көкке жетпей тұрад(ы).
Өткерген жесір көзден шер тамған күн,
Еліме қара бүгін!
Кел!
Таңғал бір!
Көк мұзға қызыл алау жаққан жерде,
Елдіктің жаршысы боп Елтаңбам тұр!
Төгілсін шапағат боп бағына күн,
Жастарын өсе берсің жаны жалын!
Шырылдап тыншымайтын оң жақ кеудем,
Шырқалсын шартарапқа Əнұраным!
Ар - намыстың жолында ұлы құрбан,
Қыл түспесін қызынның бұрымынан!
Азаттықтың дəл осы тыныштығы,
Тек, сəбидің бұзылсын шырылынан.
Сырыңмен көктем, қыс, күз, жаз алысқан,
Бар ғалам ғажайып бір ғазал құшқан.
Сен менің кіп - кішкентай жүрегімнің,
Ең үлкен бөлігісің, Қазақстан!
Əбдіғалықов Əли
КазУТБ Қазақ технология жəне бизнес университетінің студенті
Алтын елім
Көк тудағы алтын қыран бейнесін,
Алтын күн мен тапқан дерем үйлесім.
Алтын менен қазақ атты ұғымдар,
Бір-бірінен бөлінбейді кейде шын.
Алтын күннен басталатын ән ұран,
Әр қазақтың бөлінбеген жанынан.
Елтаңбада орын алған қос пырақ,
Алтын екен оғанда бер тағы мән.
Алтын жұлдыз төбемде тұр жадырап,
Көрер көзге көрінеді бәрі нақ.
Алтын уық айналасын бекіткен,
Биік болсын әркез алтын шаңырақ.
Қыран құстың қия болар қонары,
Алтын қыран ұша берсін жоғары.
Алтын құнды десе дағы, қазағым,
Алтыннан да сан мың есе бағалы.
Елтаңбыны құрметтесін xалық тең,
Күллі әлем тұрсын оны танып кең.
Көк туым да тек биікте желбіреп,
Ән ұраным шырқалсыншы шабытпен.
Қазақстан, тариxында әлемнің,
Жазылады мәңгі алтын әріппен.
Оразов Жомарт Еуразия гуманитарлық институтының студенті
