ЖЫМПИТЫ АУЫЛЫНДА «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін, 2020 жылдың 27 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Жамалов А.М. Имашева С.В. Жақсығалиев Ж.Ж. Құлшар М.И. Сундетова С.О. қатысуымен «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Тұрғын үйлерді аралау кезінде тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша түсіндіріп, 5 жылдық бағдарламада көзделген әлеуметтік басымдықтар жөнінде айтты.
Тұрғындардың өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
