Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖЫЛЫЖАЙ ИЕСІМЕН ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ(КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ)

Сонымен қатар мен сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей кәсіпкерлерді қолдау мақсатында партия тарапынан жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отыратындығын баяндадым. Мәселен, біз кәсіпкерлерді қолдаймыз. Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, аудандағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті.

Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болатынын айтып, 10 қаңтар күні болатын сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырдым.

0
0
138

Еще по теме

ЖЫЛЫЖАЙ ИЕСІМЕН ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ(КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ) - Yvision.kz