Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

"Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сарсенбай Амангосов, Ойыл ауылдық округ әкімдігінің бас маманы Конакбай Сәттибаев Ойыл қазақ орта мектебіне барып жылу құбырларының жұмыс барысын бақылап қайтты. Бақылау барысында оқу ордасында жылуға байланысты кедергілер орын алмайтындығы анықталды. Партиялық бақылау комиссиясы алда келе жатқан мереке күндеріндегі демалыс уақытында кезекші кестесі сақталып, график қойылу керектігін атап өтті. Себебі демалыс уақытында да ғимаратта жылу жүйесі бір қалыпты сақталу керек.

0
0
146

Еще по теме