ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
"Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сарсенбай Амангосов, Ойыл ауылдық округ әкімдігінің бас маманы Конакбай Сәттибаев Ойыл ауылдық округ әкімдігінің жылу жүйесіне бақылау жүргізді. Бақылау барысында жылу қазандықтарының жақсы жұмыс жасап, жылу уақытында үздіксіз беріліп отырғандығы белгілі болды. Жұмысшылармен тілдескен комиссия мүшелері жылу беруде кедергілер туындамайтындығына көз жеткізіп қайтты.
