Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Сайыстың мақсаты – студенттердің университет қабырғасында оқып жүріп, қоғамдық жұмысқа, өнер-білім, ғылымға белсене араласып, спортта, шығармашылықта жетістіктерін бағалап, жігер сыйлау, алға жылжуға одан әрі дамытуға талпыныс беру.

Қара қылды қақ жарып, әділ төрелігін көрсеткен қазылар алқасының құрамында университетіміздің бірінші проректоры Бауыржан Нұрахметов, Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Ляззат Байболова, ғылым және инновация жөніндегі проректор Бердан Рскелдиев тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қалтай Батхолдин, экономика және қаржы мәселелері бойынша директор Маржан Құлажанова, "Эндаумент АТУ" корпоративтік қорының директоры Айгүл Шыңдаулетова, Армения Республикасының Алматы қаласындағы Құрметті консулының көмекшісі Арам Навасардян болды.

Қатысушылар алдымен іріктеу кезеңінен өтіп, эссе жазып, шығармашылығын байқатты. Келесі кезеңде жетістіктері мен мақтаныштарын көрсететін портфолио дайындап, ақтық мәреде өздерінің жетістіктерін баяндайтын туралы презентация дайындап, видеоролик түсірді. Тартысты өткен бәсекеде 11 қатысушыдан бағы мен бабы жанған 4 білім алушы үздік атанды. Жеңімпаздар сайыс ұйымдатырушысы "Эндаумент АТУ" корпоративтік қорының тағайындалуымен арнайы 1 семестр бойғы 25 000 теңгелік шәкіртақымен марапатталды.

Атап айтсақ: тамақ өндірісі факультетінің 4 курс студенті Шахсанам Сексенбай Әл-Фараби атындағы шәкіртақымен, аталған факультеттің 2 курс студенті Әбдімәжит Сланбек Родик Гайкович Мнацаканян атындағы шәкіртақыға, жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетінің 2 курс студенті Саят Абдіманап Абай атындағы шәкіртақыға, инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс студенті Сағындық Әрсен Шоқан Уалиханов атындағы шәкіратықыға ие болды.

Сайыс соңында барлық қатысушыларға университеттің брендтік киімі сыйға берілді.

1
0
368

Еще по теме

ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ - Yvision.kz