ЖЫЛҚЫ — МАЛДЫҢ ПАТШАСЫ.
Халқымыз жылқыны аса құрмет тұтқан. Әлемдегі кең байтақ еліміздің іргесінің құрылуы мен бүгінгі күнге дейін сақталуында осы жануардың үлесін исі қазақ жақсы біледі. Тіпті ең алғаш жылқыны адамға серік етекенде ұлы даланың дарабоздары деседі. Содан болар біздің елтаңбамызда қанатты қос аттың бейнесі белгіленген.

Баба мұрасы қанымызға сіңген болуы керек, сәйгүлік пен тұлпарды көргенде делебеміз қозып, оған деген сүйіспеншілігіміз бен құмарлығымыз бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Осындай кәсіптің шыңын бағындырсақ деген ауданымыздағы бірегей малшаруашылығы құрылымы «ADS AGRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын үгіттеу мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы, Құлышев Нұргелді Өсербайұлы және Әшірбеков Ханай Асанұлы қожалықта жылқы шаруашылығының барысымен танысып, онда қызмет атқаратын жұмысшылармен экспромт-кездесу ұйымдастырды. 200 басқа жуық жылқысы бар, ауданымыздың 10-нан астам азаматы тұрақты жұмыспен қамтылған мекеме, қарапайым заттар экономикасы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде алдағы уақытта жылқы басын 3000-ға жеткізу үшін мемлекеттен 1 млрд. теңгеден астам жеңілдетілген несие алмақ. Болашақта 50-ден астам азаматты тұрақты жұмыспен қамтысақ деген қожалықтың асқақ арманы елімізде бірегей жылқы шаруашылығын құру. Талаптарына нұр жаусын дегеннен басқа амал жоқ.
Елдегі саяси реформа мен алдағы болатын сайлаудан толық хабардар мекеме қызметшілері өз таңдауларын тұрақтылық пен дамудың кепілі бола білген «Nur Otan» партиясына жасайтынын да жасырмады.
