Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 6 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРАМЫЗ

Үгіт-насихат парақшасын тарату барысында қала тұрғыны тұрақты жұмыс орындарының саны қашан артатынын сұрады.

Ақтөбелік тұрғынның сауалына жауап берген қалалық маслихат депутаттығының кандидаты Абай Сақтағанов қалада жыл сайын кемінде 6 мың жаңа жұмыс орны құрылатынын айтты.

- «Nur Otan» партиясы әркімнің лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі үшін жаңа инвестициялық жобаларды іске асырады. Сол себепті тұрақты жұмыс орындарының санын арттыруға қол жеткізетін боламыз. Әрине, ол үшін «Nur Otan» партиясы өз үлесін қосатын болады. Жыл сайын кемінде 6 мың жаңа жұмыс орнын құрамыз. Оның ішінде 18 ірі инвестициялық жобаны іске асыру есебінен болады. Бос жұмыс орындарына жыл сайын кемінде 9 мың адам жұмысқа орналастыруға мүмкіндік жасаймыз. Сайлауалды бағдарламада барлығын атап көрсеттік. Сондықтан осы ретте сізді "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырамын,-деді үміткер Абай Сақтағанов.

"Есіктен есікке" акциясының аясында 43 депутат бір күн ішінде 1200-ге жуық тұрғындармен кездесті. Оларға сайлауалды үгіт-насихат парақшаларын таратып, сұрақтарына жауап берді.

Қала тұрғындарының көп бөлігі партияға дауыс беретінін жеткізіп, белсенділер мен қалалық маслихат депутаттығына үміткерлерге ризашылығын білдірді.

0
0
111

Еще по теме

ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 6 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРАМЫЗ - Yvision.kz