ЖЫЛ ӘКІМІ – СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолында қарқынды қайрат көрсетіп келеді.
НАҒЫЗ МЕМЛЕКЕТШІЛ ӘКІМ – МАҢҒЫСТАУДЫҢ ӘКІМІ СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ. Маңғыстау облысы әкімінен Үкімет басшыларынан бастап, барлық министрлер, әкімдер, депутаттар, жалпы мемлекеттік қызметкерлер үлгі алуы керек!
Орталық коммуникация қызметінде есеп берген Маңғыстау облысының әкіміСерікбай Трұмов асты да, үсті де асыл қазынаға толы киелі өлкенің бүгінгі жетістіктерімен таныстырып, тілшілердің барлық сұрақтарына қазақ тілінде нақты жауап берді. Әсіресе, орыс тілінде қойылған сауалдарға да Мемлекеттік тілде жауап бергені туралы «Қазақ үні» порталында жарық көрген «ӘКІМ Ресей тіліндегі сұрақтарға да МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАУАП БЕРДІ!» атты мақаланы 20 мыңға жуық адам оқып, ең көп оқылған мақала болды. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл мақаланы Фейсбуктағы «Қазақ үні» парақшасында 115 мың адам оқыды.
Ел таңдауына ие болып, “ЖЫЛ АДАМЫ - ЖЫЛ ӘКІМІ" атануыңызбен құттықтаймыз!
