Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЖЫЛ АДАМЫ – 2020» АНЫҚТАЛДЫ

«ҚАЗАҚ ҮНІ» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының «ЖЫЛ АДАМЫ – 2020» таңдаулылары анықталды!

«Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының 2020 жылғы «Жыл адамдары» сараланды. Еліміздің еңселі болуы үшін еңбектеніп жүрген ел азаматтарының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларын атап өту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан осынау жоба аясында оқырмандар қалаған тұлғасын таңдай алды. Дауыс беру телефон сауалы, смс, электронды пошта хабарлары және әлеуметтік желі арқылы өткізілді. Арнайы құрылған Сарапшылар алқасы 2020 жылдың үздіктерін анықтады. Абайдың 175 жылдық мерейтойы мен Қазақ Республикасының 100 жылдығына және де «Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 20 жылдығына орай таңдалған «Жыл адамы – 2020» байқауының жеңімпаздарымен таныс болыңыздар!

Жыл әкімі – Серікбай Трұмов.

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолында қарқынды қайрат көрсетіп келеді.

НАҒЫЗ МЕМЛЕКЕТШІЛ ӘКІМ – МАҢҒЫСТАУДЫҢ ӘКІМІ СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ. Маңғыстау облысы әкімінен Үкімет басшыларынан бастап, барлық министрлер, әкімдер, депутаттар, жалпы мемлекеттік қызметкерлер үлгі алуы керек!

Орталық коммуникация қызметінде есеп берген Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов асты да, үсті де асыл қазынаға толы киелі өлкенің бүгінгі жетістіктерімен таныстырып, тілшілердің барлық сұрақтарына қазақ тілінде нақты жауап берді. Әсіресе, орыс тілінде қойылған сауалдарға да Мемлекеттік тілде жауап бергені туралы «Қазақ үні» порталында жарық көрген «ӘКІМ Ресей тіліндегі сұрақтарға да МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАУАП БЕРДІ!» атты мақаланы 20 мыңға жуық адам оқып, ең көп оқылған мақала болды. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл мақаланы Фейсбуктағы «Қазақ үні» парақшасында 115 мың адам оқыды.

Ел таңдауына ие болып, “ЖЫЛ АДАМЫ - ЖЫЛ ӘКІМІ" атануыңызбен құттықтаймыз!

Жаңа жыл Жақсылықтар жылы болғай деп, жаңа табыстар тілейміз!

0
0
168

Еще по теме