ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ
Түстен кейін жуырда ғана 50 жылдық тойын тойлаған "Маңғыстау" арнасының шығармашылық, техникалық ұжымымен кездестім.
Өлкеге жарты ғасырдан бері телехабар таратып келе жатқан ұжымда биыл жағымды жаңалықтар көп болды. Халық көріп отыр, біз де куә болдық.
Партия бағдарламасын журналистер өте жақсы біледі. Сайлауға түскелі жатқан барлық партиялар туралы тең дәрежеде үзбей ақпарат беріп отырғандықтан бағдарламаны талдап, тәптіштеп түсіндірген жоқпын. Насихат жұмысын жүргіздім де сайлауға бір кісідей қатысуға шақырдым.
Bekzat інім бастаған облыстың басты ақпараттық ұжымына шығармашылық табыс тілеймін.
“Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз”!!
#NurOtan
#ЕлІшінде
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз


