Журналист болу-арманым
Иә, менің арманым - журналист болу. Менің бұл мамандыққа деген махаббатымды оятқан нағашы атам - Қалматаев Мұрат Дүйсенбіұлы.
Кішкентайымда , ата-әжемнің үйіне барған кезде нағашыатам ылғи үнемі қағаз бетіне үңіліп отыратын. Атамыздықатты сағынған біз, ары тартып, бері тартып, ақырында, еркелеп, өзіміздің жанымызға шақырып алатынбыз. Алайда,өсе келе менi атаммен ойнау емес, оның қағаз бен қаламнанне тапқаны қызықтыра бастады. Жанына барып өзіненсұрағанымда, марқұм атам “өлең шығарып отырмын” депжауап қайтарды. Бұрын-соңды -өлең ұғымды естімеген мен үшін, бұл өте қызық көрінді. Қалам мен қағаз алып “ мен де өлең шығарайыншы” деп жанына бардым. Атам да қарсыболған жоқ, менің түрлі сұрақтарыма жауап беріп, шығарғанөлеңдерімді оқып, жөндейтін жерін жөндеп, өңдеп беретін. Әрине, менің ол кездегі өлеңдерім айтарлықтай кереметдүние емес еді. Бірақ, сол өлеңдерім мен үшін бір ғажапнәрсе, ал атам үшін үлкен мақтаныш болды. Себебі, немересінің осы іске кішкентайынан қызыққанын байқаған атамның көңіліне бұл балдай жағып “менің ботамжурналист болады, менің жолымды жалғайды” деп мағанүлкен үміт артанынын айтып, арқамнан қағып, бетімненсүйетін. Өмірдің ағысы генерал атамды басқа бағытқа бұрғанымен, ол кісінің оқып, алған білімі бойыншамамандығы - журналистика болатын. Енді ойлап қарасам, атам мені өзінің жүрек қалауындағы журналистиканыңжолына салып кеткен екен. Осылайша мен журналистика мамандығымен таныстым.
Кейін менің журналистикаға деген ерекше ықыласымдымектептегі ұстаздарым да байқады. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен беретін Жанар Ордабекқызы мені түрлібайқаулар мен мектептегі іс-шараларға қатыстыра бастады. Сөйтіп, ұстазым менің журналистік қабілетімнің дамуынажол ашты. Дәл осылай, алтыншы сыныпта алғаш ретжарыстарға қатысып, «Ақын болғым келеді», «Аналар-асылжандар», «Бізді күтер - тек Бақыт» байқауларында жүлделіорындарға ие болдым. Бұл жеңістер менің журналистикаға деген ынта-ықыласымды арттыра берді. Алайда, бірнешежылдар бойы ән айту өнерімен айналыстым. Осыныңарқасында,бойымдағы ұяңдықтан арылып, ашылабастадым. Әлия Сапарқызының жетекшілігімен жарыстармен концерттерге қатысып, «Аяулы Астана», «Аналар-асылжандар», «ЖаStar», «Scene of Arts», «Армысың Әз-Наурыз»,«Ғасырлар үні» байқауларында жеңіске жеттім. Қазіргітаңда, өзім таңдаған журналистика мамандығына бір табанжақын болу үшін мақала жазуға кірістім. Бұл ретте мағандәл қазіргі уақытта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстазым Толқынова Қарлығаш қол ұшын берді. Ең алғаш «Мамандық таңдаудың маңызы» деген тақырыптамақала жазып, «Ұлан» газетіне жариялаған болатынмын. «Табиғи апаттар»; «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» туралы мақалаларым «Мөлдір бұлақ» журналында жарық көрді. Оныншы сыныпта «Фарабишәкірті» журналына мақалаларым мен өлеңдерімді белсендіжариялағанымның арқасында «Жас тілші» куәлігін алдым.
Журналист болуды мақсат тұтқаннан бері, бұл мамандықиелеріне көп назар аудара бастадым. Теледидардан көргенжаңалықтар мен түрлі жоба жүргізушілеріне зер салып, тамсана қарайтын болдым. Ең алғаш көзіме ілінген, өзімнің туысқан тәтем Айгерім Асқарқызы. Ол КТКарнасының редакторы болып табылады, әріптестеріменкезектесіп кейде эфирлерді жүргізеді. Мен ӘйгерімАсқарқызын кәсіби журналист ретінде үлгі тұтамын. Мен үлгі тұтатын келесі бір тележурналист-Нартай Аралбай. Осыған дейін, «Ашық алаң», «Мәселе» бағдарламаларындаелдің жоғын жоқтап, әлеуметтік проблемаларды талқылады, кейін «Аманат» партиясының атынан сайлауға қатысып, «Халық айтсын» жобасын эфирге шығарды. НартайАралбайдың дауыс ырғағы, қас-қабағы айтқысы келгеннәрсесін толықтырып тұратындай.
Қазір - ақпараттық-технологияның дамыған заманы. Бұл құбылыс журналистика саласына қыруар өзгерістер алып келуде. Ал, осы мамандықтың тарихына шолу жасасақ, қазақ баспасөзінің негізін қалаған тұлғалардың есімдеріеске түседі. БАҚ қызметін «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп дәріптеген Ахмет Байтұрсынұлының қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі орасан зор. Ахмет Байтұрсынұлы–1913-1918 жылдар аралығында “Қазақ” газетін шығарып, туған халқы үшін талай тер төкті. Тура солай, Мұхаммеджан Сералин 1911-1915 жылдары жарық көрген «Айқап» журналын, кейіннен «Ауыл» және «Ұшқын» газеттерін шығарып, ұлтқа қызмет етті.
Биыл құрылғанына 65 жыл толған Қазақ телевизиясыныңтарихына үңілсек, Совет Мазғұтов-бұл жолда талай еңбек сіңірген тұлға. Студент кезінен тележурналистикаға қадам басқан Совет Мазғұтов Мәскеудегі Орталық телевидениегешақырылған тұңғыш қазақ болды. Ол кісі өзінің ұлттықтелевизиядағы шығармашылық тәжірбиесінен «Тележурналистикаға кіріспе» атты кітабын жазып, мұра етіп қалдырды. Сондай-ақ, Қазақ телевизиясының беткеұстар тұлғалары - Сағат Әшімбаев пен Камал Смайылов. Сағат Әшімбаев Казак КСР Телевизия жане радиохабарынтарату жөніндегі мемлекеттік комитетіне қызмет етіп, «Жүректкен қозғайық» , «Қарыз бен парыз» атты авторлықбағдарламаларын жүргізіп, төлтума телетуындыларыментанылса, Камал Смайылов «Айтыс», «Шабыт», «Халық таланттары», «Асыл мұра» және «Тамаша» бағдарламаларымен «Медеу жұлдыздары», «Азия дауысы» музыкалықфестивальдарының шығуына тікелей ат салысты.
Журналистика деген ғажайыптырға толы әлем екен. Жауапкершілік пен шапшаңдықты талап ететін - үлкен сала. Қандай жағдай болмасын журналисттің мақсаты болған оқиғаны қас-қалпында жеткізу. Ол үшін мықты мінез бен табанды еңбек қажет. Ізденіс пен зерттеулер нәтижесінде, журналисттер кез-келген тақырып аясында ақпаратты дәл, әрі нақты айтуға міндетті.
Шынымды айтсам, құпиясы мол, қызығы мен қиындығықатар жүретін-журналистика мамандығын тандағанымақуаныштымын. Келешекте ұлттық журналистиканың көсегесін көгертетін, кәсіби маман болуды армандаймын.
Абаева Ақбота
Алматы қаласы,Әуезов ауданы
202 мектеп гимназиясының
11 «Б» сынып оқушысы
Шығармашылық жетекшісі:
Жидегүл Әбдіжәділқызы
Әл-Фараби атындғаы ҚазҰУ доценті
