Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖУАНТӨБЕЛІК ЕҢБЕК АРДАГЕРІМЕН КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУ

Түркістан облысы, Созақ ауданы «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Олжас Төлепбергенұлы және Жеңісәлі Тулепбергенов Жуантөбе ауылына барып, еңбек ардагері Шаймерденов Өтенбай қарияның үйінде болды.

Елбасымыз, «Nur Otan» Партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сындарлы саясаты арқасында жүзеге асып жатқан оңды өзгерістер, елдің орнықты дамуы жолындағы істер Өтенбай атамызбен болған әңгіменің арқауы болды. Әңгіме барысында «Nur Otan» Партиясының «Өзгерістер жол:Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарын түсіндірдік. Бейбіт өмір, тұрақтылық пен жарқын болашақты ту еткен партияға қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырды.

Емен-жарқын өткен сұхбаттың соңында ел қариясы алдағы маңызды саяси науқанда сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

#Nur_Otanga_dauys_ber

#BizBirgemiz

#МеніңТаңдауым_NurOtan

#Jenimpazbol

#NurOtanSozaq

#SozakJastary

0
0
121

Еще по теме

ЖУАНТӨБЕЛІК ЕҢБЕК АРДАГЕРІМЕН КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУ - Yvision.kz