"ЖОМАРТ БЕРГЕНІН АЙТПАС, ЕР АЙТҚАНЫНАН ҚАЙТПАС"
«Nur Otan» партиясы аймақтық филиалдары арасында өткізілген «Бастауыш - партия негізі айлығының ережесіндегі «Осы жерде және дәл қазір» өзекті мәселені шешу шарасы кезінде балаларына қысқы киімнен көмек сұрап келген ата-аналардың өтініштерін орындау мәселесі көтерілген болатын. Осы мәселені шешу үшін ауылымыздың азаматы "Алға, қазақ"шаруа жетекшісі, мектеп оқушыларына бірнеше жылдан бері демеушілік танытып келе жатырған Мамаев Тілекжан Рахметұлына өтініш білдірген едік. Бүгінгі күн осы мәселе өз шешімін тапты. Жақсылыққа жаны құмар жан тағы да өз көмек қолын созып, аз қамтылған отбасының он екі баласына қысқы куртка мен аяқ киім алып берді. Жомарттық қасиеті арқылы жан дүниесінің байлығын көрсететіп отырған Тілекжан Рахметұлына алғысымыз шексіз.
