Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖОЛДЫҢ КҮТІП ҰСТАЛУ БАРЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАЛЫНДЫ.

"Nur Otan" партиясы жанындағы партиялық бақылау аясында "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құрмашев, партиялық бақылау комиссияның төрағасы Қ.Елемесов және аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдер жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Ж.Ташуов Ұялы-Бисен ауылдары арасындағы облыстық маңызы бар жолдың қазіргі жай-күйіне бақылау жасады. Жолға жауапты: "Жолаушы жол" ЖШС.

Бақылау барысында анықталғандай жолдың жағдайы сын көтермейді. Қырылмаған. Орал қаласына қатынайтын такси жүргізушілері де осыған байланысты қазір Казталов бағытымен жүруде. Сапасыз жол аудан орталығына қатынайтын Ұялы, Саралжын, Т.Масин ауылдық округтерінің тұрғындарын біраз әбігерге салуда. Бүгінгі күні автокөліктер біріздік жол қып амалсыздан қатынас жасауда. Есеп бойынша бірнеше техникасы бар деп мәлімет берілгенімен қыс бойы 1 рет көрінбеді. Жауапты мердігерге хабарласу мүмкін болмады.

Тап осындай жағдай, "Өнеге-Бисен-Сайқын" республикалық жолының 0-50 шақырымдарының күтіп ұсталуына жауапты мердігер " Атырау жолдары" ЖШС бойыншада анықталды. Жолдар уақытылы қырылмайды. Ал қомақты қаражатты алып отырған мекеме жолға салғырт қарап, өздеріне тиісті талаптарды орындап отырған жоқ.

Анықталған жайт бойынша ақпараттық хаттар жолданды.

0
0
176

Еще по теме