Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін аудандық мәслихат депутаты Біржан Қуанәлиев және «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ляззат Абдулова аудандық ветеринарлық станция және ауылшаруашылық бөлімінің қызметкерлерімен ҚР Президент Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылады. Ляззат Абдулова аталмыш Жолдаудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында алатын орнына тоқталып, саяси маңызды құжатта айтылған әр бағыттың өзіндік мәні бар екендігін жеткізді. Талқылауға А.Камашев және Б.Губашев өз ойларымен бөлісті. Әсіресе, Жолдауда автожол құрылысына соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек екендігі жөнінде және әйел адамдардың зейнет жасын азайту, бала күтіміне берілетін жәрдемақының мерізімінің 1,5 жылға ұзаруы халық жақсы қабылдағандығын айтты. Жиналысты қорытындылаған Біржан Қуанәлиев Мемлекет басшысы айтқандай, "Бір жағадан - бас, бір жеңнен - қол шығара" отырып, жарқын болашақ үшін жұмыла еңбек етейік, - деді.

0
0
158

Еще по теме

ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ - Yvision.kz