ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін Жиекқұм ауылындағы орналасқан Т.Масин атындағы орта мектептің ұжымы ҚР Президент Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын «Бәріне тең мүмкіндіктер» тақырыбы бойынша талқылады. Мектеп директоры Ержан Баймұратов аталмыш Жолдаудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында алатын орнына тоқталып, саяси маңызды құжатта айтылған әр бағыттың өзіндік мәні бар екендігін жеткізді. Талқылауға мектеп мұғалімдері Мейрамгүл Қуаншалиева мен Ұлболсын Мұстахиева да қатысып, өз ойларымен бөлісті. Әсіресе, Жолдауда айтылған әйел адамдардың зейнет жасын азайту, бала күтіміне берілетін жәрдемақының мерізімінің 1,5 жылға ұзаруы, келесі жылдан бастап көтерілетін ең төмендігі жалақы сынды әлеуметтік салаға бағытталған жаңалықтарды халық жақсы қабылдағандығын айтты.
Сонымен қатар, аудан үшін өзекті саналатын автокөілік жолдарының пайызын көтеру бағытындағы жұмыстардың жүргізелітіндігі талқылауға қатысушыларды ерекше жігерлендірді.
